Павлодар облысында көлік медицинасы әрі қарай дамытыла түспек
ПАВЛОДАР. 4 сәуір. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодар облысында көлік медицинасы биыл әрі қарай дамытыла түспек, деп хабарлады денсаулық сақтау басқармасының бастығы Ардақ Күзеков.
Сұлтанов атындағы облыстық клиникалық аурухана үшін «КамАЗ» көлігіне орнатылған көшпелі емхана кешені сатып алынды. Ол кешен рентген және стоматология кабинеттерімен,
УЗИ-диагностика аппаратымен және биохимиялық, гемотологиялық талдау жүргізуге арналған зертханалармен, акушер-гинеколог және басқа да мамандардың кабинеттерімен жарақталған.
Павлодар және Железин аудандарының медиктері үшін де биыл осындай екі кешен алынбақ. Көшпелі осы үш емхана облыстың алыс ауылдарын аралап, халыққа медициналық қызмет көрсететін болады.
Оған қоса, биыл облыс «жедел жәрдемге» арналған алты реаномобиль, көшпелі рентгенологиялық және маммографиялық кешендер сатып алмақ.