Сәрсенбі, 9 Қыркүйек 2026
4075 0 пікір 8 Қазан, 2018 сағат 11:57

«Нұр Отан» партиясы Алматы филиалы төрағасының бірінші орынбасары тағайындалды

«Нұр Отан» партиясы Алматы филиалы төрағасының бірінші орынбасары болып Станислав Канкуров  бекітілді. Ол Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму вице-министрі болып тағайындалған Жұлдыз Омарбекованың орнына келді, деп хабарлайды Алматы ақшамы.

Станислав Канкуров 1985 жылы Алматы облысында туған. Ломоносов атындағы ММУ «Стратегиялық менеджмент», Қонаев атындағы университетті «Юриспруденция» мамандықтары бойынша  бітірген. Мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерін меңгерген.

«Нұр Отан» партиясында 7 жылдан астам уақыт бойы жұмыс істеп келеді. Аудандық бөлімнен қалалық филиалға дейінгі жолдан өтті. Соңғы бірнеше жыл ішінде қалалық филиал төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

Партияның Қоғамдық кеңесі қалалық  Бюросының отырысында Алматы әкімі Бауыржан Байбек Жұлдыз Омарбековаға атқарған жемісті  жұмысы үшін алғыс айтып, жаңа басшылықтың алдына принциптілік пен жүйелілікті қажет ететін бірқатар  кезек күттірмейтін міндеттер қойды. Олардың негізгілері –  партияның қоғамдық қабылдауын модернизациялау, депутаттық фракция мен «Жас Отан» жастар қанатының  жұмысын  күшейту.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 992
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2541
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 698
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 669