Нұра Матай. Бүгін бегзада Бекзат туған күн
«Бекзатты рингке шығарып салып, күтіп алдым. Маңдайының терін сүртіп, ақыл кеңесімді аяған жоқпын. Олимп биігін бағындырған бойда құшағыма алған да өзім. Бегзада Бекзаттың маңдайымызға сыймай кеткені орны толмас өкініш». Тұрсынғали Еділов Сейілханның кенжесі хақында дәл осылай толғанды.
«Бекзат ХХ ғасырда дүниеге келді, жиырма жасында Олимпиада чемпионы атанды. Жиырма жыл ғұмыр кешті, жаңа ғасырға жиырма минут қалғанда бақилық болды. Тәуелсіздік көтере алмаған рухты Бекзаттың жеңісі көтерді». Бақи болған бала Бекзатын жоқтаған әкенің сөзі.
«Бекзат өз миссиясын атқарып кетті. Алла оған жиырма жыл ғұмыр берді. Миссиясын толық атқару үшін сол жиырма жыл жеткілікті еді». Бекзатпен жүздесіп, арқа-жарқа әңгіме құрып үлгерген Есей Жеңісұлы осылай дейді.
«Бала кезімде Бекзат ағаға қызыға қарайтынмын. Ол Олимпиада чемпионы болған кезде боксқа ынтам арта түскенін жасырмаймын. Өкініштісі, Бекзат ағамен кездесе алмадым, тек бір басқосудан сыртынан көргенім болмаса...» Олимп биігіне әлі ұмтылып келе жатқан дарынды боксшы Біржан Жақыповтың аузынан естідім.
Финалда ырымдап жейдесін де кигізіп жіберген Ермахан батыр інісінің қазасында: «Біз қазақ спортының аңыз адамын жоғалтып алдық» деп күңіренді.

Сидней шаршы алаңының шаңын шығарған батыр Бекзаттың бүгін туған күні. Тірі болса 31 жасқа толар еді. Тірі болса, Олимпиаданың үш дүркін чемпионын шығардық деп мақтанар ма едік?! Тірі болса, талапты інілерінің томағасын сыпырып, қазақ боксының төрінде отырар ма еді?! Егер, тірі болса...
«Тірі болса...» деп қу шөппен ауыз сүрткен де абзал емес-ау. Бегзада Бекзат көзден кеткесін көңілден де кетіп бара жатқандай. Оны тек туған күнінде еске алып қоюымыз соған дәлел. Жиырма жасында тозбайтын атақты жеңіп алып, сол жасында мәңгілікке сапар шеккен Бекзатты мәңгі есте сақтау ел парызы екенін ұмытпасақ екен. Біздіңше, Бекзатқа арнап спорт сарайын тұрғызып, батыр ұлдың атындағы турнирді өткізу аз. Жыл сайын өтетін бокстан Қазақстан біріншілігіндегі үздік боксшыға Бекзат Саттарханов атындағы сыйлықты тағайындайтын уақыт баяғыда жеткен. Мектеп оқулықтарына Бекзат туралы мәліметтер енгізу де күн тәртібінде баяғыда тұру керек еді. Бекзат атындағы турнирдің мәртебесін көтеру де қолдан келетін іс қой. Әйтпесе, арда туған Бекзатын құшағы қатты халқы ұмытып кетудің алдында тұр...
www.masa.kz интернет газеті