Жексенбі, 20 Сәуір 2025
3914 7 пікір 12 Қазан, 2018 сағат 11:20

Дариға Назарбаева көп қызығушылық тудыратын мамандықты атады

Қазіргі таңда журналистика көп қызығушылық танытылатын мамандықтардың бірі. Мұндай пікірді «Jas qalam» форумының ашылуында ҚР Парламенті Сенатының депутаты, ҚР Тұңғыш Президенті қорының директоры Дариға Назарбаева білдірді, деп хабарлайды Абай-ақпарат ҚазАқпарақа сілтеме жасап.

«Жыл сайын Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы қоры мен «Қазақстан жастарының конгресі» жас қоғам үшін маңызды жобаларды жүзеге асырып келеді. Солардың қатарында бүгінгі заманда өзекті мәселелерді айқындайтын «Jas qalam» жобасы бар. Бұл жобаның маңыздылығы сапалы және шынайы ақпараттарды анықтауға, еліміздің жас мамандарының тұрақты қызметкер әлеуетін дамытуға арналған», - деп атап өтті Дариға Назарбаева.

Сонымен қатар ол қазіргі таңда журналистиканың жаңа трендтері өте көп екендігін және осы жаңалықтарды жастарға тек кәсіби, жоғары санатты еліміздің ең үздік журналистері ғана жеткізе алатындығын баса айтты.

«Сондықтан жас қалам жоғары оқу орындарында алынатын білімге қоса журналистика саласын іс жүзінде дамытып жатқан шеберлердің тәжірибесінен үлгі алуға мол мүмкіндік береді. Қазіргі таңда журналистика көп қызығушылық танытатын мамандықтардың бірі. Маңызды жаңалықтарды біліп қана қоймай қандай да бір мәмілені ортаға салып сараптау, талқылау және сараптама жүргізу арқылы оны халыққа жеткізу осы мамандықтың ерекшелігі»,- деді Сенат дептутаты.

Айта кетейік, қазақстандық журналистиканы дамытуға жас журналистердің кәсіби біліктілігін арттыруға бағытталған кең ауқымды «Jas qalam» жобасына 100-ден астам журналистер қатысуда. Олардың қатарында журналистер, журналистика факультетінің студенттері, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарына қызығушылық танытатын жастар да бар.

Abai.kz

7 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2068
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4939
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4140