Сенбі, 23 Қараша 2024
Әдебиет 4508 1 пікір 15 Қазан, 2018 сағат 09:30

Эх, Астахова... Қандай бақытты поэт едің...

Ойды өріспен өлшейтін қазақ үшін Ах Астахованың кешегі өткен концертін жайылған дастарханға теңеуім еш ерсілік емес шығар. Ұқсас тағамдардардың молдығы – аш адамға, мөлшермен, әдемі ұсынылған сапалы, ассортилі  дастарқан – тоқ, яғни талғампаз адамға жайылады ғой. Дәл осы ойды өлеңмен ұштастырсақ, жаппай қабылдау мен талғап сіңіру мәселесі туындайды. Астахова сапалы дастарқан жайды. Жерік еткен дәмді татып, сусындайсың. Бұл құбылыс маған кештің екінші бөлімінде сезілді. Ішкі әлемімнен сыр беріп, сол мезетке сәл шегініс жасағым келіп отыр. Ішімдегі ала құйын арпалыстардың, өлең мен өмірдің баянсыздығын түсінген жанымның өткен шақты сағынбай, болашақты шақырмай  құлазыған сәтін өлеңмен ашып, тамырын басып, шашыраңқы ойларымды қалыпқа салып, арнаға бұрды. Бұл - поэзия құдіреті.

Көп өлеңнің ішінен өзімдікін естіп сіңіргесін әлдебір жеңілдік сезіліп, кезекті өлеңдерді  тыңдап қана отырдым.  Ақынды не үшін  құрметтейміз? Ол бір емес бірнеше, қала бергенде халық кешетін әр түрлі  күйді өзінде  сезініп , сипаттап, тоқыраудан алып шығады, нотасын дөп  басып, үстінен түседі. Ол - қаншама сезімдердің, жандардың, танымдардың жиынтығы. Ол - сезімдер галлереясы. “Путешествие в глубь себя” иә, аты  да айтып  тұрғандай...

Осы орайда отандық  қазіргі  поэзияның мән-мәнерсіз, астарсыздығы  емес, оның себебі  ойландырды. Астахованың мен байқаған 5 фишкасы:

1. Сахнадағы еркіндік, образға жылдам ену, ауысу, актерлік шеберлік;

2. Алғыс айту, таныстыру, мән-жай т.б қосымшалардан ада сценарий;

3. Жалпыадамзаттық өлең. Белгілі бір елге, жерге, адамға, ортаға, шараға қатысты жырламайтыны (ұлттық коллорит жоқ деген сөз емес);

4. Кез-келген өлеңінің бас-аяғы бүтін, логикалық шешімі, табиғи сипаты бар;

5. Ізденіс үстінде жүріп, өзіне ерекшелік етіп бойына алған қарапайымдылық, музыкалық талғам, әлеуметтік белсенділік, сезімталдық. Және ең бастысы - өзіне қоятын жоғарғы талап, тек содан кейін ғана тұратын танымалдылық.

Осы тұрғыда алдымен танымалдыққа, ортаға, буын-буынға жазылатын қазіргі отандық поэзия ақынның шағын, мейлі үлкен аудиториясын сақтау үшін қолданылатын әдеби майдандағы қаруы іспетті. Өзін оқымайтынмен шаруасы, әңгімесі де болмайтын “ерекшелік”.  Кейде біз, айтатын насихаты, көрсететін үлгісі жоқ , бірақ  ізгілікке бастаушы болып көрінгісі келетін, жезөкшелерді қамшымен “тәрбиелемек” болып, желіні шулатқан  бір “батырдан”  аумай қаламыз. Танымалдық керек, қайтеміз... Бәлкім адамзаттық дүние жазу үшін жұмыс жасауымыз керек шығар? Неге ақындар көңіл тапқыш, бәріне ұнағыш болып өсуі керек?  Пенде болғасын ішіп-жеу, киіну, бағындыру, өсу керек-ақ. Ақынның өсуі өзгеден ерек болуы керек емес пе? Бұл өмірде және  күллі ғасырларда Алла Тағалла жаратқан ең бай да қуатты адам бар болса, ол - Сүлеймен пайғамбар екенін  білеміз. Өз дәуірінде ол жаратқаннан әкесі Дәуіт пайғамбардыкіндей әділдік пен даналық сұрапты. Сол бір игі тілегі үшін Тәңірі оған еш ғасырда, ешкімге бұйырмас байлық нәсіп еткен деседі. “Құдайдан түйе сұрасаң, бие береді ” деген тағы бар. Өсу үшін бәлкім біз, жазарман, алдымен адамзаттық тақырыпқа ойланармыз?

Эх, Астахова... Қандай бақытты поэт едің... Оқырманың, кешіңнің қонақтары – жастар, және олар – халқаралық деңгейдегі ақындар, ән текстілерінің авторлары да емес, кәдімгі теміржолшы, ол - мұғалім, ол - оқушы, ол - заңгер, ол - дәрігер...

Менікі - өлең мен өнерге деген құрмет. Ол құрмет - маған міндет. Ал сол құрметке деген құрмет - парасат.

...Рахмет саған, арда азамат!

Борусан Макина

Abai.kz

 

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5539