«Лукойл» компаниясы «Түпқарағанда» бұрғылау жұмыстарына кірісті
АТЫРАУ. 6 сәуір. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ - «Лукойл Оверсиз Сервис Б.В» компаниясы Каспий теңізінің қазақстандық бөлігіндегі «Түпқараған» құрылымында алғашқы барлау ұңғымасын бұрғылауға кірісті.
«Жобалық тереңдігі 2150 метрді шамалайтын ұңғыманы бұрғылау жұмыстары «Астра» қондырғысының көмегімен жүргізілуде. Бұрғылаудың нәтижесін алдағы күзде аламыз деген үміттеміз», - деп хабарлады «Лукойл Оверсиз Сервис Б.В» филиалының директоры Андрей Кириллов.
Оның айтуынша, компания көміртегінің өнеркәсіптік қоры табылмаған Аташ құрылымындағы сәтсіз жұмыстың тәжірибесін ескеріп отыр. «Түпқараған» құрылымында, сейсмикалық зерттеулермен қоса, электробарлау жұмыстары жүргізілген. Бұл барлау аталмыш құрылымда көміртегі қорының болу ықтималдығын көрсетіп отыр, дейді компания өкілі.