Жұма, 22 Қараша 2024
Билік 4414 0 пікір 27 Қыркүйек, 2018 сағат 11:21

«Білім беру» бағыты бойынша Партиялық комиссияның отырысы өтті

«Нұр Отан» партиясы Сайлауалды бағдарламасының «Білім беру» бағыты бойынша Партиялық комиссияның отырысы өтті, - деп хабарлайды Абай-ақпарат.

Қазіргі таңда ерекше қажеттіліктері бар балаларға білім алу үшін тиісті жағдай жасау мемлекеттегі білім беру жүйесін дамытудың басты міндеттерінің бірі болып саналады. Білім беру мекемелері мүмкіндіктері шектеулі балалардың қажеттіліктеріне бейім болу қажет. Бүгінде мектептердің 58% - да және балабақшалардың 19% -да инклюзивті білім беру үшін жағдай жасалған. Білім және ғылым министрлігінің соңғы мәліметтері бойынша,  Қазақстан Республикасында 147 396 ерекше білім алуға қажеттіліктері бар балалар анықталды, оның ішінде 97 617 бала  мектеп жасында және 49779 бала  мектепке дейінгі жаста.

«Нұр Отан» партиясының «Қазақстан 2021. Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық» сайлауалды бағдарламасының білім бағыты бойынша комиссиясының кезекті отырысына төрағалық етіп отырған ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Ә. Бектұрғанов:

- Бүгін білім бағыты бойынша комиссия мүшелері жиналып отырмыз. Қазір Елбасымыз айтып өткендей, әр партия мүшесінің жауаптылығын арттыруымыз керек. Күн тәртібіндегі басты мәселе Қазақстан Республикасындағы инклюзивті білім беру бағытын дамыту. Елбасымыз 2014 жылы «Қазақстан- 2050»  бағдарламасында «мүмкіндігі шектеулі жандарға қолдау көрсету мемелекеттің қоғам алдындағы басты міндеті» деп атап айтқан болатын. Біз бүгінгі отырысымыздың негізінде партияның сайлауалды бағдарламасының білім бағыты бойынша комиссия ұсыныстарын жүзеге асыру туралы мәселелерді қарастырамыз, - деді.

- Елбасымыз өз жолдауында Қазақстан кедергісіз аймаққа айналуы керек деп айтты. Оған қоса Елбасымыздың «Егер бір адам жәбір көретін болса, онда бүкіл қазақстандық жапа шегуі керек» деген тәмсілі де бар. Сондықтан, біздің елімізде ешкім жәбір көрмеуі керек, жапа да шекпеуі керек деп ойлаймын. Жақындарымыз, бала-шағамыз бар дегендей айтылып отырған көптеген мәселелер бәрімізге жақсы таныс. Шындығында бұл балалар колледжге, университетке барғасы келеді. Мен 15 жыл колледж басқарған адаммын. Бірақ, бұл ерекшеліктегі балаларға арналған бір де бір оқу құралы жоқ, оны мойындауымыз керек. Менің ұсынысым, бір ұр тоқпақты Білім және ғылым министрлігіне сілтей бермей, барлығын жүйелі, жан-жақты қарастыру керек.  Депутаттар, жергілікті атқарушы билік барлығы бірдей жұмылу керек, - деді Парламент Мәжілісінің депутаты Б. Хаменова.

Айтып өткендей, қазіргі таңда ерекше қажеттіліктері бар балаларға білім алу үшін тиісті жағдай жасау мемлекеттегі білім беру жүйесін дамытудың басты міндеттерінің бірі болып саналады. Білім беру мекемелері мүмкіндіктері шектеулі баллардың қажеттіліктеріне бейім болуы қажет.

Екінші болып сөз алған ҚР Білім және ғылым вице-министрі Ә.Суханбердиева:

- Кез-келген мемлекеттің басты құндылығы білімді адам. Әрбір ұлттың алдында тұрған ұлы мұрат – салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу. Осы мақсатта мемлекет тарапынан жан-жақты жұмыс жасалуда, - дей келе инклюзивті білім беру саласына қатысты шешімін тапқан мәселелер мен атқарылып жатқан жұмыстарға егжей-тегжейлі тоқталып өтті.

Бүгінгі күні мектептердің 58%-нда және балабақшалардың 19% -нда инклюзивті білім беру үшін жағдай жасалған екен.  2016-2019 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының білім және ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасына сәйкес, мектептердің 70% -ында және мектепке дейінгі ұйымдардың 30%-нда инклюзивті білім беру үшін жағдай жасау көзделіп отыр.

Аталған іс-шарада Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Р.Рүстемов, Парламент Мәжілісінің депутаты Ж.Нұрманбетова,  сонымен қатар аутизмге шалдыққан балалар мен жасөспірімдерге көмек көрсету қорының Президенті А.Архарова инклюзивті білім берудегі тұтастылық тақырыбында баяндамаларын жасады.  Ал, «Болашақ» корпоративті фондының жетекшісі Д.Шәйжүнісова «Өзіңнен баста» және «Каждый ребенок достоин школы» атты жобалары жайында өз ойын айтса, «Жігер» мүмкіндігі шектеулі жастар ұйымының Президенті П. Юсупджанов мүмкіндігі шектеулі балалардың мектептен кейін жоғары оқу орындарына түсуі қолжетімді ме деген көкейтесті сұрақты көтерді.

Артынша болған қызу талқылауға видеобайланыс арқылы еліміздің барлық аймақтағы партия филиалдарының басшылары, мектеп директорлары, әкімшілік өкілдері тегіс қатысты. Білім және ғылым министрлігінің өкіліне сыни тұрғыдағы бірнеше сұрақтар қойылды.

Отырыс қорытындысында Комиссия мүшелері уәкілетті мемлекеттік органдарға ұсыныстар әзірлеп жіберетін болып тарқасты.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5315