Дүйсенбі, 7 Қыркүйек 2026
3682 27 пікір 15 Қазан, 2018 сағат 14:27

Елбасы Арыстанбек Мұхамедиұлын қабылдады

Нұрсұлтан Назарбаев Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлын қабылдады, деп хабарлайды Абай-ақпарат Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Кездесу барысында министрлік қызметінің маңызды бағыттары, соның ішінде кинематографияға қатысты заңнаманы одан әрі жетілдіру және туризм мен спорт салаларын дамыту шаралары талқыланды.

Мәдениет және спорт министрінің мәліметіне сәйкес, қазіргі уақытта «Кинематография туралы» заң жобасы Парламенттің қарауында жатыр. Бұл заң жобасы ұлттық киноны қалыптастыру ісін қолдау тетіктерінің тиімділігін арттыруға, Қазақстанның фильмдерін, сондай-ақ шетелдің жетекші компанияларымен бірлесіп түсірген кино өнімдерін халықаралық нарыққа кең көлемде шығаруға бағытталған.

Сонымен қатар, А.Мұхамедиұлы Мемлекет басшысына 2023 жылға дейінгі туризмді дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламалардың әзірлену барысы және «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс салтын арттыру» атты жолдаудағы дене шынықтыру-сауықтыру кешендерін салуға қатысты тапсырманың орындалуы жөнінде баяндады.

Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан Президенті бірқатар нақты тапсырма берді.

Abai.kz

27 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 951
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2447
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 654
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 637