Сейсенбі, 29 Қазан 2024
Жаңалықтар 2575 0 пікір 7 Сәуір, 2011 сағат 03:01

Минскіде дипломатиялық корпус өкілдері Беларусь Республикасының ядролық-энергетикалық бағдарламасының жүзеге асырылу себептерімен таныстырылды

МИНСК. 7 сәуір.  ҚазАқпарат /Айтуар Мамлин/ - Сәрсенбі  күні Беларусь Республикасының   Сыртқы  істер  министрлігінде    елде  тіркелген    дипломатиялық және консулдық    корпус үшін    брифинг өткізілді.

Шара  «Беларусь Республикасына арналған   ядролық  энергетика:    ақиқат және  перспектива» тақырыбына арналды,   деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметінен.

Брифинг барысында мемлекеттік  орган өкілдері        ядролық   энергетиканы     зерттеу  және пайдаланудағы    қордаланған   тәжірибелері  туралы     әңгімелеп берді.  Дипломатиялық және  консулдық    корпус      өкілдері    ядролық-энергетикалық  бағдарламасының жүзеге асырылу себептерімен,  оның  Беларусь   Республикасының  экономикасы  үшін  маңызымен   және     атом  стансасын  салу    бойынша  Ресей Федерациясымен   қол жеткізілген  келісімнің   мазмұнымен     егжей-тегжей таныстырып   өтті.  Беларусь   тарапы сондай-ақ  Экспо Конвенциясы  бойынша  міндеттемелердің  орындалу барысы  жайлы,   Беларусь атом-электр стансасындағы қауіпсіздікті  қамтамасыз   ету  үшін    қабылданып  жатқан    шаралар  туралы  хабардар етті.

Щараға      Беларусь  Республикасының      энергетика,  табиғи ресурстар     және қоршаған ортаны қорғау ведомстволарының және  Төтенше жағдайлар  министрлігінің    ядролық   және   радиациялық қауіпсіздік   жөніндегі департаментінің  өкілдері, сондай-ақ  «Атом  электр-стансасы  құрылысының дирекциясы» мемлекеттік мекемесі  мен  Беларусь  Ұлттық     ғылым академиясының   Энергетикалық  және  ядролық зерттеулер бірлескен институтының  өкілдері  қатысты.

0 пікір