Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2273 0 пікір 8 Сәуір, 2011 сағат 07:05

Сайлау өтті: Бозымбаев бұл жолы да боздатты

Орталық сайлау комиссиясының дерегі бойынша Жамбыл облысында

Жамбыл Аужанұлы Ахметбековке - 3002 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 0,65 пайызы;

Мэлс Хамзаұлы Елеусізовке - 2956 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 0,64 пайызы;

Ғани Есенкелдіұлы Қасымовқа - 18938 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 4,10 пайызы;

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа - 437012 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 94,61 пайызы дауыс беріпті.

Сайлауға адам қатыстыру бойынша да Жамбыл облысы 2 орында тұрған көрінеді. Жалпы бұл облыс бұрыннан Президенттік аймақ болып саналады. Бірақ осы облыстың орталығы Таразда шыр айналған «каруселдерге», қойдай тізілтіп апарып дауысқа салынған студенттерге қарамастан тізімделген заң бұзушылықтар тіркеле қоймады.

Мұндағы ОСДП-"Азат" партиясының дәрменсіздігі көпшілікке бұрыннан мәлім. Тұрғындардың да қоғамдық-саяси белсенділігі айтарлықтай емес. Бірақ сайлауға дейін бүкіл елді шулатқан "Алғалықтарға" не болды? Бар қызығы да осында. Облыстық әкімдік айналасындағы хабардар азаматтардың айтуынша, сайлауға бір күн қалғанда "алғалықтар" штабымен Алматыға шағырылады. Сайлау біткенше содан қайтып оралмайды. Жамбыл облысындағы олардың өкілдері бассыз қалса, қала олардың жағынан бақылаушысыз қалады. Бұған не себеп?

1.Алматыны бақылап ұстауда Козловқа адам жетпеді.

2.Сайлауды тыныш өткізу үшін Бозымбаев Козловтың аузын майлап қойды.

3.Бозымбаев бұрынғы қамқоршысы Р.Әлиев арқылы әрекет жасап, алғалықтарды өз аймағынан алып кеткізді.

Не десе де бұл жолы Бозымбаев тағы да боздатты, жоқ дауысты СЖК салғандай қоздатты.  Қазір мүнда күбір-күбір әңгіме. Біреулер осы еңбегі үшін Бозымбаевқа лауазымды қызмет беріледі десе, біреулері арты ашылып қалды, енді ол қызметтен аластатылады дейді. Сіздердің не ойларыңыз бар?

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1471
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3246
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5420