Көлік және коммуникация министрлігі: Орал - Каменка - РФ шекарасы автожолы жабық
АСТАНА. 11 сәуір. ҚазАқпарат - Кеше, 10 сәуірде сағат 21.00-ден бастап Батыс Қазақстан облысында жолдарды су басып кетуіне байланысты.
Орал - Каменка - РФ шекарасы автожолының Каменка - РФ шекарасы (76-104 км) учаскесінде автокөліктің барлық түріне жол қатынасына шектеу қойылды.
Автомобиль жолдарында келеңсіз жағдайлардың алдын алу үшін ауа-райы жақсарғанша жол жүруден бас тартып, Қазақстанның гидрометеорологиялық қызметінің хабарламаларына назар салған жөн, деп хабарлайды ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметі.
«Қазақавтожол» РМК-да автомобиль жолдарының жабылған учаскелері жөнінде халықты хабардар ету үшін тәулік бойы диспетчерлік қызмет жұмыс істейді, байланыс телефоны (7172) 44-46-85. Сонымен қатар, жолдар жөніндегі шұғыл ақпарат www.mtk.gov.kz, www.kad.gov.kz, www.kazavtodor.kz сайттарында жарияланады.