Сейсенбі, 29 Қазан 2024
Жаңалықтар 2389 0 пікір 11 Сәуір, 2011 сағат 04:09

Петропавлда нан өнімдерін шығаратын жасырын цех жабылды

ПЕТРОПАВЛ. 11 сәуір. ҚазАқпарат /Сергей Кузнецов/ - Петропавлда нан өнімдерін шығарумен айналысып келген тағы бір жасырын цех жабылды.

Наурыз айының соңғы ширегінде облыс орталығында осындай бір жасырын цех анықталды, деп хабарлады СҚО ІІД баспасөз қызметі.

Бұл жердегі нан өнімдері барлық санитарлық нормаларды белден баса отыра дайындалып, қала дүкендеріне түсіп отырған. Жасырын цех өндірістік аймақта болған, оған кез келген адам кіре алмайды. Оны күзетшілер мен күзетші иттер қорғап отырды. Сонымен қатар олар тек түнгі мезгілде жұмыс жасаған.

Облыстық ІІД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының жедел қызметкерлері наубайханаға келгенде де, ондағы қызметшілер жұмыстарын тоқтатпай, нандарын пісіруді жалғастыра берді. Мұнда олар нан, тоқаш, орама, лаваш, хот догтар, пицца дайындаумен айналысқан. Цехте ауысыммен үш адам жұмыс жасаған.

Жедел қызметкерлер нан өнімдерінің дәретхана жанында орналастырылғанын байқады. Наубайшылардың айтуынша, осы жерде піскен нан өнімдері тез суып, дүкендерге таратуға дайын болады.

Жиналған материалдар осы мәселені шешу үшін облыстық санитарлық-эпидемологиялық басқармаға жөнелтіледі. Наубайхана қожайындарының тағдырын сот шешеді.

0 пікір