Сейсенбі, 29 Қазан 2024
Жаңалықтар 2202 0 пікір 12 Сәуір, 2011 сағат 02:43

Минск метросында болған лаңкестік әрекеттің салдарынан қаза болғандар мен зардап шеккендердің арасында Қазақстан азаматтары жоқ - ҚР елшілігі

МИНСК. 12   сәуір.  ҚазАқпарат  /Айтуар Мамлин/ -   ҚазАқпарат  бұған дейін хабарлағандай,    кеше    кешке   Минскі метрополитенінің «Октябрьская»  стансасында   жарылыс болды.

Куәгерлердің  айтуынша,  платформада алдымен    тарс    еткен дыбыс шыққан, артында      қалың түтін   жайылған.

Жарылыс салдарынан  11 адам қаза болып,  100-ден  астам адам жараланған.

Қазақстанның   Беларусь Республикасындағы елшілігінен   хабарлағандай,  алдын ала мәліметтер  бойынша (жергілікті  уақыт  23.00 жағдай  бойынша),   жарылыста   біздің  отандастарымыздың  зардап    шеккені  туралы  әзірге ешқандай  мәлімет  жоқ. Дипломатиялық өкілдіктің    қызметкерлері   Беларусь  өкіметімен  тұрақты  байланыста    болып,     оқиғаның  барысын  жіті  қадағалауда  және  олардың құзырындағы   барлық мәліметтерді     тексеруде.

0 пікір