Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2299 0 пікір 12 Сәуір, 2011 сағат 02:48

Бірқатар өңірлерде өзендер арналарынан тасуы мүмкін - Қазгидромет

АСТАНА. 12 сәуір. ҚазАқпарат - Республиканың бірқатар өңірлерінде өзендер арналарынан тасуы ықтимал.

«Қазгидрометтен» хабарланғандай, алдағы тәулікте Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Атырау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола және Қарағанды облыстарының өзендерінде көктемгі тасқындардың толқындары мен су деңгейлерінің күрт көтерілуі жалғасады. Өзендер арналарынан тасып, су басу жағдайлары да болуы мүмкін.

Ал Жайық, Ертіс және Шығыс Қазақстан облысының өзендерінде мұз қатпарлары бұзылып, су деңгейіің ауытқуы күтілуде.

Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан мен Шығыс Қазақстан облыстарының аласа таулы аймақтарындағы сулы нысандарда су көлемі көбейеді. Оңтүстік-шығыс пен шығыста қардың еруінен су тасқындары болуы ықтимал.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5543