Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2053 0 пікір 12 Сәуір, 2011 сағат 05:45

Нью-Йоркте Наурыз мейрамы тойланды

АСТАНА.  12 сәуір. ҚазАқпарат  -   9 сәуірде Нью-Йоркта     Қазақстан   Тәуелсіздігінің 20 жылдық мерейтойына    орайластырылған  Наурыз     тойы өтті.

Қазақстан  Республикасының Бас консулдығы  бұл    шараны   Қазақстан-американ  альянсы  коммерциялық емес  ұйымының  қолдауымен  және «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры мен  KTG trade  компаниясының  демеушілігімен    ұйымдастырды,  деп хабарлады    консулдықтан.

Шара   американ  жұртшылығының    үлкен  ықыласын  аударды.     «Керулен»     музыкалық ұжымының     және  Талғат  Мұсабаев пен Бибігүл Жанұзақ сынды опералық   әншілердің   концертін   американдық ресми, іскерлік және қоғамдық топтардың,     шетелдік  дипломатиялық корпустың,    қазақстандық диаспораның  250-дан  астам өкілі     тамашалады.

Дәстүрлі,  классикалық қазақ     музыкалық   туындыларының   кәсіби орындалуы, әсіресе   көмеймен  ән салу өнері тыңдағандарды тәнті етті.

Жиналған    қауым сондай-ақ   Қазақстанның тәуелсіздік  жылдардағы  жетістіктерімен,   өткен  президенттік сайлаудың   нәтижесімен   және  Наурыз мейрамының   шығу  тарихымен таныстырылды.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5534