Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2064 0 пікір 14 Маусым, 2009 сағат 19:07

Ел тарихындағы қайғылы белестер ұмыт қалмасын

Жуырда “Қазақстан “Әділет” тарихи-ағарту қоғамының 20 жылдығына арналған “Әділет” қоғамы:  тоталитарлық тарихтан – демократиялық болашаққа” ғылы¬ми-практикалық конференциясына қатысушылар жұртшылыққа үндеу қабылдап, тоталитарлық билік жылдары Қазақстанда 340 мыңнан астам адам жазықсыз саяcи қуғын-сүргінге ұшырағанын, тек “үлкен террор” кезінде 120 мыңнан астам адам репрессияланып, 25 мыңдай боздақ оққа байланғанын, ал пролетариат диктатурасын желеу етіп жүргізген “большевиктердің аштық саясаты” (М.Шоқай)  науқандарында – 1917-18 жж. 1 миллионнан, 1921-23 жж. тағы  1 миллионнан астам адам көшпенді, ал 30-жж. тәркілеу, режімге қарсылық көр¬сеткен көтерілісшілерді әскери күшпен басу, материалдық қолдау көрсетпей отырықшыландыру, зорлықпен ұжымдастыру кезеңдерінде 2 миллиондай адам – сол кезгі қазақ халқының жартысына жуығы ашаршылық құрбаны болғанын атап көрсетеді. Қазақ жеріне жалпы саны 1,5 миллиондай  неміс, корей, чешен, ингуш, балқар, күрді, мес¬хеттік түрік, болгар, грек, қырым татарлары, қалмақ және басқа да халықтар өкілдері күштеп көшіріп әкелінді. Осынау қа¬сіреттермен ас¬тастыра жүр¬гізілген индустриялан¬дыру, тың көтеру науқандарында қа¬зақ жеріне Кеңес Одағының ор¬¬та¬лық аудандарынан мил¬лион¬даған қоныс аударушылар  келді. Мұның бәрі жергілікті ха¬лық¬тың ұлттық мүдделері шек¬телуі¬не жанама түрде бол¬са да әсер етті.

Бүгінгі ұрпақ бұларды бі¬лу¬ге тиіс, қазіргі таңда өтке¬німізде күң¬гірт¬тік қалмағанда ғана халқымыз¬дың бірлігін бекем ете түсіп, мей¬лінше арт¬т¬ырып, болашаққа сенім¬мен бара алатын боламыз.  Сон¬дықтан да аталмыш конфе¬ренцияға қатысушылар жұртшылықты елі¬міз¬дің даму тарихындағы қайғылы белес¬тер¬ді ұмыт қалдырмауға, олар¬ды барша азаматты, жас ұр¬пақты тарихпен тәрбиелеу ісінде тиімді пайдалана білуге шақырады.
Бұл орайда  қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандары жерленген орындарды анық¬тап, бастарына естелік белгілер қою ісін жалғас¬ты¬ра беру, жергілікті өлкетану мұра¬жай¬ларында тиісті көрнекі экс¬пзи¬циялар, бөлімдер ашу, бар¬лық ұйым¬дарда, оқу орында¬рын¬да еске алу шараларын жап¬пай ұйымдас¬тыруды дәс¬түрге айнал¬ды¬ру ләзім. Жер-жердегі өлке¬тану¬шылар, зерт¬теушілер, шежі¬ре¬шілер аштан шейіт болған¬дар¬ды отбасылық ата-баба  шежіре¬лерін түгендеу арқылы анықтай алар еді. Сая¬си қуғын-сүр¬гін құр¬бандарын еске алу күні және оның қар¬саңындағы жұма сайын бар¬лық ұйымдарда, мекемелерде, оқу орындарында ашаршылық құр¬бандарын еске алып, ме¬шіт¬терде, шіркеулерде, өзге де ғи¬ба¬датхана¬ларда оларға арнап ар¬найы дұға оқуды ұйымдас¬тырған жөн. Үндеу¬де былай делінген: билік Жаңалық¬тағы ескерткіш ай¬наласындағы ау¬мақты мемле¬кет¬тің өз халқына жа¬саған қия¬нат¬тарын, қызыл терроры мен жасанды ашар¬шылық зұлма¬тын  енді ешқа¬шан қайталанбастай етіп мәңгі еске салып тұратын бе묬гілер қойылатын орманды алқапқа айнал¬дыруға, ішіне құрбандар есім¬дері қа¬шалған тас тақта-стеллалар орнатуға мұрындық болар деп сенеміз.

«Егемен» Қазақстан» газеті 12 маусым 2009 жыл

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1498
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3268
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5641