Сүлеймен МӘМЕТ. ҰБТ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ
Талайды толғандырып, қалай аяқталар екен, кімдер жеңіс мәре¬сінен көрінеді деп жүрген Ұлттық бірыңғай тестілеу бойынша мектеп бітіру сынағы мен тиісті балл жина¬ған жағдайда жоғары оқу орнына түсу үшін республикалық комис¬сияға қатысуға жолдама беретін ем¬тихан аяқталды. Бірден айта кетейік, сынақтың бұл түрі туралы көп жылдан бері қилы пікірлер айтылып келе жатыр. Бірақ заман талабынан қалмау үшін оның әзірше жалғаса берері анық.
Талайды толғандырып, қалай аяқталар екен, кімдер жеңіс мәре¬сінен көрінеді деп жүрген Ұлттық бірыңғай тестілеу бойынша мектеп бітіру сынағы мен тиісті балл жина¬ған жағдайда жоғары оқу орнына түсу үшін республикалық комис¬сияға қатысуға жолдама беретін ем¬тихан аяқталды. Бірден айта кетейік, сынақтың бұл түрі туралы көп жылдан бері қилы пікірлер айтылып келе жатыр. Бірақ заман талабынан қалмау үшін оның әзірше жалғаса берері анық.
Бірден айтайық, биылғы сынақ жақсы өтті. Ел өңірінің 154 тестілеу пунктінде өткен сынаққа 108 672 мектеп бітіруші қатысып, бақтарын сынады. Тестілеу кезінде ауди¬то¬рияларда мемлекеттік комиссиямен қатар, ата-аналар, бұқаралық ақпа¬рат құралдары өкілдері, үкіметтік емес ұйымдардың адамдары бақы¬лаушылық жасады. Ал ҰБТ-ға енгіз¬іл¬ген өзгерістер туралы бұдан бұ¬рынғы мақаламызда жан-жақты айтқан едік. Осы жылы “Алтын бел¬гіге” 2845 оқушы үміткер болыпты. Олардың 1550-і ғана өздерінің үздік білімдерін дәлелдей алған. Ал мек¬теп бітірушілер арасынан 8 оқушы 125 балл жинапты. Олардың қата¬рын¬да батысқазақстандықтар А.Нұ¬ра¬бай, Ш.Аманғалиева, маңғыс¬таулық Б.Ақниет, Алматы қаласын¬дағы О.Жәутіков атындағы респуб¬ликалық мамандандырылған фи¬зика-математика мектеп-интерна¬тының түлегі А.Жексенбаев, сол¬түстікқазақстандық Ж.Есенаева, талдықорғандық А.Қожамұратова, алматылық А.Меньшова, жам¬был¬дық С.Хасенова бар. Алматыдағы О.Жәутіков атындағы дарынды бала¬ларға арналған республикалық ма¬мандандырылған физика-мате¬матика мектеп-интернатын бітіретін 177 түлек еліміздегі мектеп бітіруші¬лер арасында бірінші болып, 4 мау¬сымда Ұлттық бірыңғай тест тап¬сырып, тамаша көрсеткішке қол жеткізді: орта мектепті тәмамдаған оқушылардың орташа баллы 111,5 (апелляцияны есептемегенде) болды. 11 374 оқушы 100-ден артық балл жинаса, 15 476 оқушы төменгі шек — 45 балл да жинай алмады. Биыл еліміз бойынша орта балл 75 болса, өткен жылы бұл көрсеткіш 68 еді. Осыған қарағанда, Отанымыз¬дағы білім сапасы көтеріліп келеді деуге негіз бар. Облыстар бойынша осындай көрсеткіштерді салыстырар болсақ, алғашқы орындарда Қос¬танай (82,9), Солтүстік Қазақстан (81,5), Батыс Қазақстан (80,6), Павлодар (79,4) облыстары тұрса, соң¬ғы орындарды Оңтүстік Қазақ¬стан, Жамбыл, Қарағанды облыс¬та¬ры “бөлісіпті”. Астана қаласы бесін¬ші, Алматы тоғызыншы орыннан көрініпті.
Білім және ғылым министрі Жан¬сейіт Түймебаевтың айтуына қа¬ра¬ғанда, биылғы жылы заңсыздық¬тарға көп жол берілмепті. Талапкер¬дің орнына кіруге талпынғандарға, ұялы телефон алып кіруге тырыс¬қандарға дер кезінде тосқауыл қой¬ылыпты. Алматы қаласында дұрыс жауаптар деп халықты алдап жүрген 4 студент қолға түсіпті. Сол секілді Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Алматы облыстарының кейбір елді мекендеріндегі тест өтетін ғима¬раттың ішіне алдын ала жасырынып қалған мұғалімдер әшкереленіпті. Олар сол жерде отырып, сынақ тап¬сырып жатқан балаларға көмек¬теспекші болған көрінеді.
Министрдің айтуынша, сынақ қорытындысы тек қана облыстар¬дың көрсеткішін анықтап қана қой¬май, аудан, елді мекендердегі мек¬тептердің, онда қызмет ететін мұға¬лімдердің атқарған жұмысын, білімі мен білігін көрсететін болады. Осы жұмыстардың нәтижесіне сүйене отырып, алдағы жылы атқаратын жұмыстарды анық¬тауға қол жетеді. Ал биыл мемлекеттік гранттың ұзын саны 35 мыңға таяу десек, оның 11 мыңнан астамы техникалық, 9075-і педагогикалық, 5 мыңы медици¬налық, 1600-і ауыл¬шаруашылық мамандықтарына беріліп, қалғаны өзге талапкерлердің еншісіне ти¬мек. Сонымен, биылғы ҰБТ-ның нәти¬же¬сіне қарап отырсақ, Отанымыздағы мектептерде білім сапасы көтерілгені байқалады. Бұрын алдыңғы орынды бермейтіндер кейінге ысырылып, артта жүргендер алдыңғы қатарға көтеріліпті.
Сүлеймен МӘМЕТ.
«Егемен» Қазақстан» газеті 12 маусым 2009 жыл