Сенбі, 23 Қараша 2024
Бір сауал 10866 26 пікір 2 Қараша, 2018 сағат 11:19

Дариға ханым, Әуезовтің мына бір нақылын білесіз бе?

Дариға Нұрсұлтанқызы! Сіз шынайы халық қалаулысы болсаңыз заңдарымызда еш жазылмаған қытай тілін жастарға насихаттағанша, Конституциямызда жазылған, өз анаңыздың сүтімен дарыған мемлекеттік тіл – өз Ана тіліңізді білуді, құрметтеуді және үйренуді талап етпейсіз бе? Сіздің «қытай тілін білсеңіз миллиардер боласыз» деп, жастарды материалдық жағына үгіттеуіңізді қалайша түсінуге болады? 

Сіз патриот болсаңыз, "Ана сүтімен бойыңа дарыған ана тіліңді ешқандай миллиардқа айырбастама, ана тіліңді анаңды сүй, анаңдай құрметте, үйрен, өз жеріңді қорға деп, патриоттық сезімге тәрбиелемейсіз бе?! Әлемге танымал қытай тілін жоғары тұтып, мемлекеттік деңгейге жете алмай, жетім баланың күйін кешіп жүрген ана тілімізді менсінбеуіңіз, біздің ұлттық рухымызды таптап, намысымызды қорлағанмен тең!

Ұлы жазушы М.Әуезов «Кімде-кім қазіргі уақытта ана тілін, өзінің әдебиетін сыйламаса, бағаламаса, оны сауатты, мәдениетті адам деп атауға болмайды» деген еді. Дариға ханым, Ұлы жазушының осы сөзін біле ме екен? Ал әйгілі Гарвард университетін отыз жылдан астам басқарған Чарльз У. Эллиот: «Мен білім алудың аса маңызды бөлігі ретінде бір ғана интеллектуалды қажеттілікті мойындаймын, ол – ана тілін нақты әрі мүлтіксіз меңгеру»(«Я признаю одно-единственное интеллектуальное приобретение как необходимую составляющую образования, а именно точное и безупречное владение родным языком».) - деген болатын.

Дариға ханым, осы екі ұлы адамның дана сөзіне сүйенсем, сізді сауатты, мәдениетті деп айта алмас едім.

Талғат Қатауов

Abai.kz

 

 

26 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371