Жексенбі, 20 Сәуір 2025
Жаңалықтар 2080 0 пікір 16 Сәуір, 2011 сағат 05:03

Оралда Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай ақша көрмесі ұйымдастырылды

ОРАЛ. 16 сәуір. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Оралдағы көрме залында Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай коллекционер Дамир Жұмашевтің ақша көрмесі ашылды.

Көрмеде қазақстандық теңгемен қатар әлемнің 210 елінің валютасы қойылған. Олардың ішінде қолданыстағы ақшалармен қатар тарихи маңызы бар мәнеттер де бар. Мәселен, Ресейдің он жетінші ғасырдағы ақшасы ең көнесі болып есептелсе, 50 трлн. зимбабвелік доллар да келушілердің назарын аударады.

ҚР Ұлттық банкі облыстық филиалы директорының орынбасары Ғалия Сатыбалдинаның айтуынша, ақшалардың бәрі де мамандардың сараптауынан өткен, түпнұсқалылығымен ерекшеленеді. Соның ішінде қазақ теңгесінің де құны жоғары.

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2065
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4931
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4129