Оралда қазақстандық үлесті арттыруға арналған дөңгелек үстел отырысы болды
ОРАЛ. 16 сәуір. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Оралда қазақстандық үлесті арттыруға арналған дөңгелек үстел отырысы болды.
Облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы бастығының орынбасары Темірлан Баймұхамбетовтің атап өткеніндей, бұл мәселені шешу үшін сөзден іске көшу қажет. Айталық, «ҚПО б.в.» компаниясы мен батысқазақстандық кәсіпорындар арасында меморандумдарға 2009 жылы қол қойылғанымен, нақты нәтиже әлі жоқ. Мәселен, содан бері «Батыс Қазақстан машина жасау компаниясы» АҚ-да алты рет аудит жүргізілгенімен, тендерлерде өзге елдердің кәсіпорындары жеңіп шығады. «ҚПО б.в.» өкілдері керісінше жоғары технологиялы өнімдердің Қазақстанда өндірілмейтінін алға тартады. Дегенмен елімізде үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасына сәйкес отандық кәсіпорындарға барынша кеңірек мүмкіндік жасалып отыр. Ендігі әңгіме осыны пайдалана білуде, деді отырысқа қатысқандар.