Облыс бойынша триллион теңгенің инвестициясы салынған 122 жоба жүзеге асырылуда - Павлодар
ПАВЛОДАР. 16 сәуір. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодар облысында жүзеге асырылып жатқан индустриялдық-иннновациялық жобалар көрмесіне алғаш болып болашақ инженерлер мен технолог студенттер келді. Ертіс бойындағы қалада ұйымдастырылған топтама Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналады.
Көрмеге 20-дан астам кәсіпорын өз жұмыстарын қойған.
«Жалпы облыс бойынша триллион теңгенің инвестициясы салынған 122 жоба жүзеге асырылуда. Жаңа және жаңартылған кәсіпорындарда 15 000 жұмыс орны құрылады. 2010 жылы Павлодар облысында құны 102 млрд. теңгені құрайтын 30 жоба іске қосылып, сол арқылы 2 600 жұмыс орны ашылған болатын. Ол жобалардың көбі осы көрмеге қойылды», - дейді кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бөлім бастығы Қаныш Зайыр.
Биылғы жылы Павлодарда 75,6 млрд. инвестиция салынған 40 жоба аяқталмақ. Олардың ішінде он жоба бірінші жарты жылдықта іске қосылады.