Президент стипендиясы биыл кімдерге бұйырды?
                                ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Өкімімен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясы тағайындалды, деп хабарлайды Абай-ақпарат Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
2018 жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясын беру туралы
1. Осы өкімге қосымшаға сәйкес 2018 жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясы берілсін.
2. Осы өкім бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н. Назарбаев
Астана, Ақорда, 2018 жылғы 13 қараша
№ 261
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2018 жылғы 13 қарашадағы
№ 261 өкіміне
ҚОСЫМША
2018 жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясы берілген адамдардың дербес құрамы
Әдебиет қайраткерлері
| 
 Айтхожа Марфуға  | 
 -  | 
 1936 жылы туған, ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Парасат» орденінің иегері 
  | 
| Ақсұңқар Серік | - | 1950 жылы туған, ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
 
  | 
| Ахметова Күләш | - | 1946 жылы туған, ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері
 
  | 
| 
 Әбдікұлы Төлен  | 
 -  | 
 1942 жылы туған, жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты 
  | 
| Әлімбекұлы Толымбек | - | 1954 жылы туған, сатирик
 
  | 
| 
 Әшімов Әкім (Әкім Тарази)  | 
 - 
  | 
 1933 жылы туған, жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері 
  | 
| 
 Әшіров Ахмет  | 
 -  | 
 1938 жылы туған, жазушы-драматург, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері 
  | 
| Бөдешұлы Жәркен | 
 -  | 
1944 жылы туған, ақын, «Құрмет» орденінің иегері
 
  | 
| 
 Гарькавец Александр  | 
 -  | 
 1947 жылы туған, түркітанушы ғалым, қоғам қайраткері 
  | 
| 
 Досанов Сәбит  | 
 -  | 
 1940 жылы туған, жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Парасат» және «Барыс» ордендерінің иегері 
  | 
| 
 Елеукенов Шериаздан  | 
 -  | 
 1929 жылы туған, сыншы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Парасат» орденінің иегері 
  | 
| 
 Жолдасбеков Мырзатай  | 
 -  | 
 1937 жылы туған, мемлекет және қоғам қайраткері, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері 
  | 
| Жұмаділ Қабдеш | 
 -  | 
1936 жылы туған, Қазақстанның халық жазушысы
 
  | 
| Исабаев Нұртас | 
 -  | 
1954 жылы туған, ақын, «Құрмет» орденінің иегері
 
  | 
| Қосылбеков Дидар | 
 -  | 
1969 жылы туған, жазушы, сценарист, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
 
  | 
| 
 Қыдырханұлы Уахап  | 
 -  | 
 1932 жылы туған, жазушы, Қазақ ССР-інің еңбек сіңірген мәдениет қызметкері 
  | 
| Мұханбетқалиұлы Қажығали | 
 -  | 
1942 жылы туған, жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері
 
  | 
| Мырзахметұлы Мекемтас | 
 -  | 
1930 жылы туған, әдебиеттанушы,  Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты
 
  | 
| Ниязбек Рәпілбек | 
 -  | 
1943 жылы туған, ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
 
  | 
| Нұрпейісов Әбдіжәміл | 
 -  | 
1924 жылы туған, Қазақстанның халық жазушысы, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты
 
  | 
| Оразбаев Иранбек | 
 -  | 
1947 жылы туған, ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» орденінің иегері
 
  | 
| Оспан Сейфолла | 
 -  | 
1938 жылы туған, ақын, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері
 
  | 
| Рәш Мыңбай | 
 -  | 
1930 жылы туған, ақын, Қазақ ССР-інің еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, «Құрмет»  орденінің иегері
 
  | 
| Салғараұлы Қойшығара | 
 -  | 
1939 жылы туған, жазушы, ғалым, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
 
  | 
| Сарай Әнес | 
 -  | 
1937 жылы туған, жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты
 
  | 
| Сәдуақас Тортай | 
 -  | 
1954 жылы туған, ақын-жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
 
  | 
| Сегізбай Кәдірбек | 
 -  | 
1941 жылы туған, жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
 
  | 
| Смадияров Бекзат | 
 -  | 
1992 жылы туған, ақын
 
  | 
| Сүлейменов Олжас | 
 -  | 
1936 жылы туған, ақын, Қазақстанның халық жазушысы, Қазақстанның Еңбек Ері, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығының лауреаты
 
  | 
| Фроловская Татьяна
 
  | 
 -  | 
1943 жылы туған, ақын, әдебиеттанушы, аудармашы
 
  | 
| Ыдырысов Әбілфайыз | 
 -  | 
1930 жылы туған, жазушы | 
|  
 Өнер қайраткерлері 
  | 
||
| Абдулина Айша | 
 -  | 
1916 жылы туған, Қазақстанның халық әртісі
 
  | 
| Абубахриева Мукарам
 
  | 
 -  | 
1983 жылы туған, балетмейстер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
 
  | 
| Адамжан Бақтияр | 
 -  | 
1992 жылы туған, балет солисі, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты | 
| Ахметова Шайза | 
 -  | 
1948 жылы туған, Қазақстанның халық әртісі
 
  | 
| Аюханов Болат | 
 -  | 
1938 жылы туған, хореограф-балетмейстер, Қазақ ССР-інің халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты
 
  | 
| Әбжанова  Анара
 
  | 
 -  | 
1986 жылы туған, суретші | 
| Әмір-Темір Хусеин | 
 -  | 
1940 жылы туған, актер, режиссер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
 
  | 
| Әшімов Асанәлі | 
 -  | 
1937 жылы туған, КСРО халық әртісі, Қазақстанның Еңбек Ері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты
 
  | 
| Әшірбекова Роза | 
 -  | 
1938 жылы туған, Қазақстанның халық әртісі
 
  | 
| Байсейітова Раушан | 
 -  | 
1947 жылы туған, Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты
 
  | 
| Давыденко Оксана | 
 -  | 
1984 жылы туған, опера солисі
 
  | 
| Дайыров Еркебұлан | 
 -  | 
1986 жылы туған, актер
 
  | 
| Дүйсекеев Кеңес | 
 -  | 
1946 жылы туған, композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері
 
  | 
| Еслямова Самал | 
 -  | 
1984 жылы туған, актриса, 71-ші Канн кинофестивалінде «Ең үздік әйел рөлі» номинациясының жеңімпазы
 
  | 
| Жаманбаев Базарғали | 
 -  | 
1942 жылы туған, Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты
 
  | 
| Жуков Роман | 
 -  | 
1988 жылы туған, актер
 
  | 
| Зұлхаш Чапай | 
 -  | 
1938 жылы туған, актер, режиссер, «Құрмет» орденінің иегері
 
  | 
| Имаханов Бекен | 
 -  | 
1936 жылы туған, актер, Қазақ ССР-інің халық әртісі
 
  | 
| Имашева Баян | 
 -  | 
1941 жылы туған, актриса, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі
 
  | 
| Қалықова Саида
 
  | 
 -  | 
1985 жылы туған, пианист
 
  | 
| Камалиев Қабыкен | 
 -  | 
1939 жылы туған, опера әншісі
 
  | 
| Клушкин Юрий
 
  | 
 -  | 
1937 жылы туған, музыкант, Қазақстанның халық әртісі
 
  | 
| Қастеев Дәурен
 
  | 
 -  | 
1979 жылы туған, суретші | 
| Қастеева Зарема | 
 -  | 
1947 жылы туған, балерина, Қазақстанның халық әртісі
 
  | 
| Қосыбаева Тамара | 
 -  | 
1928 жылы туған, актриса, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі
 
  | 
| Мәлібекұлы Жандарбек | 
 -  | 
1942 жылы туған, сәулетші, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының авторы
 
  | 
| Мышбаева Нүкетай | 
 -  | 
1936 жылы туған, Қазақстанның халық әртісі, «Парасат» орденінің иегері
 
  | 
| Нүсіпжан Нұрғали | 
 -  | 
1937 жылы туған, әнші, Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Парасат»  орденінің иегері
 
  | 
| Нұрмолдаев Серік | 
 -  | 
1987 жылы туған, өнертанушы
 
  | 
| Обаев Есмұқан | 
 -  | 
1941 жылы туған, Қазақстанның халық әртісі, «Парасат» орденінің иегері
 
  | 
| Омаров Қанат | 
 -  | 
1988 жылы туған, дирижер
 
  | 
| Оразбаев Сәбит | 
 -  | 
1936 жылы туған, Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты
 
  | 
| Өтекешова Меруерт | 
 -  | 
1951 жылы туған, кино және театр актрисасы, Қазақ ССР-інің еңбек сіңірген артисі, «Құрмет» орденінің иегері
 
  | 
| Өтепберген Аян | 
 -  | 
1992 жылы туған, актер
 
  | 
| Померанцев Юрий | 
 -  | 
1923 жылы туған, Қазақстанның халық әртісі, Қазақстанның Еңбек Ері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты
 
  | 
| Разиева Гульвер
 
  | 
 -  | 
1936 жылы туған, Қазақстанның халық әртісі | 
| Садықова Анвара | 
 -  | 
1982 жылы туған, хореограф-ұстаз
 
  | 
| Сақиева Күләш | 
 -  | 
1920 жылы туған, Қазақстанның халық әртісі
 
  | 
| Тасыбекова Торғын | 
 -  | 
1938 жылы туған, Қазақстанның халық әртісі
 
  | 
| Төлегенова Бибігүл | 
 -  | 
1929 жылы туған, әнші, КСРО-ның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты
 
  | 
| Тыныштығұлова Сара | 
 -  | 
1942 жылы туған, Қазақ ССР-інің халық әртісі, «Парасат» орденінің иегері
 
  | 
| Уәлихан Шот-Аман | 
 -  | 
1932 жылы туған, сәулетші, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты
 
  | 
| Хасанғалиев Ескендір | 
 -  | 
1940 жылы туған, әнші-композитор, Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты
 
  | 
| Школьный Арий | 
 -  | 
1926 жылы туған, кескіндемеші, Қазақ ССР-інің еңбек сіңірген өнер қайраткері | 
Abai.kz