Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 6195 0 пікір 19 Сәуір, 2011 сағат 04:42

Көшпелі үрей: үй сыртында кісі бар

«Үй өзімдікі демеңіз, үй сыртында кісі бар».  Баба қазақтың баяғыда бір ескертіп айтқан сөзін Елбасымыздың аузынан тастамай жүргеніне әй, бір жиырма жылдың жүзі болған шығар. Былайша айтқанда, бұл мақал  қазақтың тәуелсіздігімен бірге жасап, әр қазақтың миы мен жүрегіне шегенделіп, қатып қалған десек, жүдә қателеспейміз. Біріміз қит етсек, біріміз «...кісі бар» деп шиқ етумен келеміз.

Ілгеріде қазақты үй сыртындағы кісімен үрейлендіру - Нүрекеміздің үйреншікті ісі еді. Енді «үй сыртындағылар» Нүрекемізді үрейлендіруге көшкен сияқты. ҚазТАГ таратқан ресми дерек көзіне сүйенсек, 95.55 пайыз дауыс жинап, сайлау додасынан саңлақ шыққан Президент Назарбаев өткен жұмада : «Біз Солтүстік Африка елдеріндегі оқиғаларды ескере отырып, тиісті шараларды дайындауымыз керек», - депті.

«Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың мәлімдеуінше, Қазақстан Солтүстік Африка елдеріндегідей оқиғалардың алдын алу үшін барлық әлеуметтік міндеттемелерді орындайды. Бұл туралы ол бүгін сенат отырысында айтты» дейді ҚазТАГ.

Қысқасы, Ақорда билігі «тиісті шараларға дайындалуда». Ол қандай шаралар екен? Көреміз. Мысалы,  Катар мемлекеті  Солтүстік Африкадан соққан суықтан қорғану үшін бірер айдың ширегінде 10 млрд. доллардан астам қаражат шығындап жіберіпті.

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5487