Еуроодақ Чернобыль АЭС-індегі апаттың салдарын жоюға 110 миллион еуро бөледі
БРЮССЕЛЬ. 19 сәуір. ҚазАқпарат /Димаш Сыздықов/ - Еуроодақ Чернобыль атом-электр стансасындағы апаттың салдарын жоюға 110 миллион еуро бөледі. Бүгін Киевте өтетін Чернобыль жобаларын жүзеге асыруға қаржы жинау жөніндегі донорлық конференцияның қарсаңында бұл туралы еурокомиссар Андрис Пиебалгс мәлім етті.
Оның айтуынша, Чернобыльда осыдан 25 жыл бұрын орын алған қайғылы оқиғадан кейін, Еурокомиссия ядролық қауіпсіздік проблемаларымен айналысу және жергілікті халыққа апаттың салдарын еңсеруге көмектесу жөніндегі жобаларды жүзеге асыруға 470 миллион еуроға жуық қаржы бөлген. Бірақ та атом-электр стансасының зақымданған реакторының үстінен салынып жатқан саркофагтың құрылысын аяқтау үшін 2015 жылға дейін тағы 740 миллиондай еуро қосымша қаржы керек.
Еурокомиссар А.Пиебалгстың айтуынша, «жақында Фукусимада болған апат, еуропалық азаматтардың ядролық қауіпсіздігі бүгінгі күннің ең маңызды мәселелерінің бірі болып қалып отырғанын тағы да көрсетіп отыр».
Естеріңізге сала кетейік, 1986 жылы 26 сәуірде Чернобыль АЭС-інде болған ядролық апат әлемдік көлемдегі трагедияға айналған еді. Жер шары тұрғындарының тең жартысына радиациялық сәуле қаупі төнді. Адамзат өз тарихында тұңғыш рет осындай жаһандық техногендік апатқа ұшырады.