Сенбі, 23 Қараша 2024
Пікір 3251 13 пікір 21 Қараша, 2018 сағат 11:08

Бізге тарих арқылы, өзіміздің болашағымызға жол салу қажет...

Өзіңнің тарихыңмен мақтанып қана қоймай, сол тарихтың қыр-сырларын сараптап, ғылыми негізде болашаққа бағдар жасау өте өзекті.

Біз жаһандану заманына өзіміздің тамырымызбен, сол тамырымызды тереңдете отырып енуіміз өзекті.

Осы тұрғыда, өзіміздің толағай тарихымызды түлету күн тәртібінде, және өзекті.

Отарлау кезеңінде, бізді, қазақтарды, тарихы болмаған, болмысы, бет-әлпеті жоқ, даланы кезіп жүрген халық ретінде көрсету әрекеттері болды.

Біз сол жүйелі әрекеттердің арқасында өзімііздің тарихымыздан айрылып қалдық, тарихты есімізге алғымыз келмеді, "тарихтан шаршау" синдромына іліктік...

"Халықты құртқың келсе, оның тарихын құрту керек, тарихын білмеген халық тобырға айналады" деген аспект бар.

Біз осынау "мәңгүрттік" заманды да басымыздан өткердік...

Жаһандану процесстері ұлттың өткені мен өткергенін басқаша көзқараспен сараптай отырып, болашаққа бағдар жасауды талап етеді...
Жаһандану әрқашан болған...

Халықтардың Ұлы көші, Алтын Орда, Дели сұлтанаты Ұлы даланың сценариімен болған жаһанданудың жобалары...

Осы тарихи жобалардың жетістіктерін әлі күнге дейін батыс иеленіп, пайдаланып келеді...

Атты қолға үйрету, үзеңгі, металлургия, алтыны өңдеу технологиялары біздің қасиетті жерде пайда болған...

Осы жайт батыс тарихнамасында жабулы қазақ болып тұр.

Ғылыми-техникалық прогресстің тарихшысы Линн Уайт "Үзеңгіні жасау адамзат тарихында ұшақ, автомобильді жасаумен тең революция жасады" дейді...

Бізге тарих арқылы, өзіміздің болашағымызға жол салу қажет...

Ерлан Саиров

саясаттанушы

Abai.kz

13 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1487
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3256
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5522