Сенбі, 23 Қараша 2024
2871 0 пікір 22 Қараша, 2018 сағат 10:34

Түркістандық ғалымдар Елбасы мақаласын ерекше форматта сараптады

Бүгін Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын жариялаған болатын. Қазақтың жүрегіне жол тауып, қоғамға ерекше әсер еткен мақаланы Түркістан жұртшылығы өте жылы қабылдады.

Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің музейінде ерекше форматта жиында оқытушылар мен студенттер, ғалымдар мен сарапшылар бұл мақаланың ел санасын сілкіндіретінін атап өтті.

Ерекше форматта дейтін себебіміз, бұл жиын әдеттегідей бір кабинетте емес, музейде ұйымдастырылды. Оқытушылар мен студенттер тарихи жәдігерлерді аралап жүріп, пікір алмасты. Жиында университет доценті Ляззат Динашева оқу ордасының музейінде  Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында айтылған дүниелер бар екеніне тоқталып, келушілерді тарихи жәдігерлермен таныстырды. Мәселен, Ұлы даланың ұлы есімдері, тұтас Түркі әлемінің ғұламасы —Ясауи бабамыз туралы құнды мәліметтер көпшілікті қызықтыратыны сөзсіз.

Университет оқытушылары Елбасы Түркістан қаласын Түркі әлемінің генезисі ретінде дамытып, оның халықаралық аренадағы беделін жүйелі түрде арттыру бағытындағы ойлары киелі шаһарға тың серпін беретінін айтты.  Ал, «Архив-2025» бағдарламасы негізінде университеттегі зерттеу жұмыстары одан сайы жандана түспек.

Мақаладағы келелі мәселелерді жеке-жеке талдаған қатысушылар Елбасының бұл құнды дүниесі Түркістан облысы мен Түркістан қаласын дамытатынын, ондағы бастамалар ғылым мен мәдениеттің дамуына үлкен серпін беретінін жеткізді. Алдағы уақытта осы іргелі оқу ордасында ғылыми зерттеулер мен қазақ өркениетін танытатын үлкен жобалар қолға алынады деген жоспар бар.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1483
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5506