Сенбі, 23 Қараша 2024
Пікір 4018 25 пікір 22 Қараша, 2018 сағат 12:49

Ұлы кезеңдердің болғанына куә боламыз

Мемлекет басшысының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының жарасымды жалғасы іспетті. Тарихымызға үңілсек, қазақ халқының тарихында еліміздің еңбегінің ерекшелігін көрсететін ұлы кезеңдер болғанына куә боламыз.

Ұлы даланы мекендеген дана бабаларымыз ғылым-білім саласында, тарихта ұлы істер жасаған. Тарихта терең із қалдырған ұлы керуен жолдары арқылы сауда-саттық жолдарын жасаған. Егер біз ХХІ ғасырда сол орта ғасырлардағы Ұлы мемлекеттің тұғырын қайтадан биікке көтергіміз келсе, онда біз сол кездердегідей қадамдар жасауымыз керек. Яғни біздер бүгін, сол кездердегідей ғылым-білімге, инновацияға барынша жақын болуымыз керек.

Елбасы мақаласы елімізді білімге бағыттайды. Мемлекетіміздің даму тарихындағы бұл маңызды мақалада бұрын қол жеткізген тарихи жетістіктерімізді ХХІ ғасырда ұмытпауымыз керектігі туралы айтылған. Шынында да, егер ХХІ ғасырда үлкен жетістіктерге қол жеткізгіміз келсе, өткенімізге, тарихымызға терең үңілуіміз керек. Елбасы өзінің мақаласында халқымыздың тарихтағы жетістіктерін жіктеп, нақты көрсетіп берді.

«Біз сол кездері жетістікке қалай жеттік? Қандай ұлы істер атқардық? Біз оған қандай қадамдар жасадық?» деген маңызды мәселенің барлығы мақалада бар.

Қазақ топырағында туып-өскен халық ғылым-білімге, әлемдік өркениеттің өркендеуіне үлкен үлес қосқан. Елбасының мақаласы бұл сөзіміздің айқын айғағы бола алады.

Дәурен Бабамұратов

Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшесі

Abai.kz

25 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1480
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5475