Ауыл оқушылары қайырымдылық шарасын өткізді - Павлодар облысы
ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ. 20 сәуір. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодар облысындағы Өспен ауданының мектептерінде «Ізгіліктің көктемгі апталығы» атты қайырымдылық шарасы басталды, деп хабарлады білім бөлімінен.
«Жас талап» аудандық балалар ұйымы мен «Балдырған» орталығы салтанатты жиын өткізіп, онда өздерінің волонтерлық жоспарлары туралы әңгімелеп берді. Қонақтар - Успенканың ардагерлері мен жергілікті нұротандықтар балалардың игі бастамаларына қолдау білдірді және «Ізгілік апталығының» ұлы мереке - Жеңіс күнінің қарсаңында өткізіліп отырғанын айтып өтті.
Олар балаларды қолдау мен көмекке көбірек мұқтаж соғыс және еңбек ардагерлеріне, жесірлер мен тыл еңбеккерлеріне көбірек назар аударуға шақырды. 25 сәуірде өтетін қорытынды жиналыста балалар апталық туралы есеп бермек.