Павлодарлық студент қыз Ресейде өткен халықаралық конференцияның жүлдегері атанды
ПАВЛОДАР. 20 сәуір. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты жаратылыстану факультетінің студенті Шынар Үсенова «Геология және жер қойнауын игеру проблемалары» тақырыбында өткен халықаралық конференцияда үшінші орын алды, деп хабарлады оқу орнының баспасөз қызметінен.
Ресейдің Томск политехникалық университетінде өткен ғылыми конференцияға Ресей, Германия, Беларусь, Украина, Үндістан және Мысыр жоғары оқу орындарынан жүзден астам студент қатысты.
Шынар Үсенова Қазақстанның атынан қатысқан жалғыз өкіл болды - ол оқумен қатар ғылыми зерттеулермен айналысып жүрген болашақ ғалым. «Павлодар облысындағы адамның биосубстратындағы (шаш) мырыштың құрамын бағалау» деген тақырыптағы оның зерттеуі «Қазақстанның биологиялық ғылымдары» ғылыми журналында және «Жас ғалымдардың биологиялық зерттеулерге қосқан үлестері» халықаралық семинар-мектебінің (Иркутск) материалдарында жарияланған.
Шынар биыл институтты тәмамдайды, ол биолог-ғалым болуды армандайды. «Маған тамаша білім берген, үлкен ғылымның есігін ашқан институтыма ризамын. Мен студент ретінде де, жас зерттеуші ретінде де өзімнің қабілетімді жүзеге асыра алдым», дейді ол.