Жапонияда зұлмат зілзаладан қаза болғандардың саны 14 мыңнан асты
АСТАНА. 20 сәуір. ҚазАқпарат - Жапонияда зұлмат зілзаладан қаза болғандардың саны 14 мыңнан асты. Бұл туралы елдің Ұлттық полиция басқармасы мәлім етті,деп хабарлайды «Маяк» радиосы.
Жария етілген ресми мәліметтер бойынша, 13 мың 660 адам - із-түзсіз жоғалғандар санатында.
Ең көп кісі құрбандығы Мияги, Фукусима және Ивате префектураларында тіркелген. Қазіргі уақытта ол жерлерде, сондай-ақ «Фукусима-1» атом-электр стансасының төңірегіндегі эвакуация аумағында іздеу жұмыстары жалғасып жатыр. Құтқарушылардың деректері бойынша, ол жерде әлі де мыңдаған адамның денелері қалуы мүмкін.