Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2397 0 пікір 20 Сәуір, 2011 сағат 02:46

Жайық өзенінде су қатты көтерілмейді

ОРАЛ. 20 сәуір. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстан гидрометеорология орталығының мәліметіне қарағанда, Жайық өзенінде ресейліктер жағынан судың қатты көтерілуі күтіліп отырған жоқ.

Жайық өзенінің Ресей мен Қазақстан аумағындағы салалары Сақмар, Елек, Шыңғырлау, Шаған, Деркөл және Орда су деңгейі түсе бастады. Ириклин су қоймасынан жіберіліп жатқан су ең төменгі деңгейде (15 текше м/с), қойма одан әрі толтырылу үстінде. Мамандар су деңгейі көтерілсе де, қауіпті шегіне жетпейді деп отыр.

Жайық өзеніндегі су деңгейі негізі мөлшерден жоғары. Судың бұлай көтерілуі төрт-бес жылда бір рет болады. Мәселен, 1998, 2000 және 2005 жылдары осылай болды.

Шаған өзеніндегі су деңгейі де жылдам түсіп келеді.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1475
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3249
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5458