Сәрсенбі, 30 Қазан 2024
Жаңалықтар 2425 0 пікір 21 Сәуір, 2011 сағат 07:00

Парламент Жапониядан көлік дәлізін жаңарту жобасын жүзеге асыру үшін қарыз тарту туралы ноталар алмасуға бағытталған келісімді қабылдады

АСТАНА. 21 сәуір. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ -   Бүгін ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Жапония Үкіметі арасындағы ОАӨЭЫ Көлік дәлізін қайта жаңарту жобасын (Жамбыл облысы) жүзеег асыру үшін қарыз тарту туралы ноталар алмасу нысанындағы келісімді ратификациялау туралы» ҚР заңы қабылданды.

Қазақстан мен Жапония арасындағы осы келісім еліміздің көліктік әлеуетін дамытуға бағытталып отыр. Бұл қадам халықаралық дәліздің қазақстандық бөлігі бойынша қозғалыс қарқынын едәуір арттырып, Қазақстан Республикасының барлық деңгейдегі бюджеттерінің кіріс бөлігін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Екі ел үкіметтері арасындағы келісім аясында Тараз-Қордай жол учаскесі шеңберінде Жамбыл облысының аумағы бойынша өтетін ұзақтығы 20 шақырым дәліз учаскесін 1 техникалық санатқа көшіре отырып, қайта жаңарту көзделеді.

Парламент қабылдаған заң Мемлекет басшысының қол қоюына жіберіледі.

0 пікір