Сәрсенбі, 30 Қазан 2024
Жаңалықтар 2199 0 пікір 21 Сәуір, 2011 сағат 07:02

Атырау облысында мемлекеттік шекараға жақын жерге зымыран құлады - облыстық прокуратура

АТЫРАУ ОБЛЫСЫ.  21 сәуір.  ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ -  Қазақстанның аумағына,  Ресей Федерациясымен  арадағы мемлекеттік  шекараға жақын  жерге    белгісіз   ұшатын  аппарат  құлады.  Алдын  ала мәліметтер  бойынша,   оқиға салдарынан  ешкім    зардап шекпеген.

Жергілікті   атқарушы  өкіметтерге сілтеме  жасап  облыстық прокуратураның  баспасөз хатшысы Светлана  Жұмашеваның   хабарлауынша,       далалы  алқапқа   зымыран   құлаған.     Құдай сақтап,  ол    жарылмай  қалған,  сондықтан   да  жауынгерлік  жаттығулар өтіп жатқан   Ресейдің    Астрахан  облысындағы  полигоннан     ұшырылған   зымыран  әскери емес,   жаттығу    зымыраны  деп  пайымдауға  болады.

«Зымыран    Ресей Федерациясымен    арадағы  мемлекеттік  шекарадан 7 шақырымдай  жерге, Атырау  және  Астрахан  облыстарының  түйіскен    аумаққа құлаған.     Зымыран   құлаған нүкте  Атырау  облысы Құрманғазы ауданының Балқұдық  ауылынан  30 шақырымдай   жерде орналасқан.    Ешкім  зардап шеккен   жоқ.   Оқиға орнына  аудандық әкімдік пен  төтенше жағдайлар  ведомствосының  өкілдері аттанды»,  деп хабарлады С.Жұмашева.

0 пікір