Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2686 0 пікір 22 Сәуір, 2011 сағат 09:27

Қазақстан мен Эстон елдері арасында мұрағат ісі саласындағы ынтымақтастық Келісіміне қол қойылды

ҚАЗАҚСТАН

РЕСПУБЛИКАСЫ

БАЙЛАНЫС ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРЛІГІ

 

МИНИСТЕРСТВО

СВЯЗИ И ИНФОРМАЦИИ

РЕСПУБЛИКИ

КАЗАХСТАН

 

010000, Астана қаласы, «Министрліктер үйі»
тел: (7172) 74-10-35, факс: (7172) 74-10-03

 

 

010000, город Астана, «Дом министерств»

тел: (7172) 74-10-35, факс: (7172) 74-10-03

Баспасөз релизі

Астана қ.                                                                                                                   22.04.11

ҚАЗАҚСТАН

РЕСПУБЛИКАСЫ

БАЙЛАНЫС ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРЛІГІ

 

МИНИСТЕРСТВО

СВЯЗИ И ИНФОРМАЦИИ

РЕСПУБЛИКИ

КАЗАХСТАН

 

010000, Астана қаласы, «Министрліктер үйі»
тел: (7172) 74-10-35, факс: (7172) 74-10-03

 

 

010000, город Астана, «Дом министерств»

тел: (7172) 74-10-35, факс: (7172) 74-10-03

Баспасөз релизі

Астана қ.                                                                                                                   22.04.11

Қазақстан мен Эстон елдері  арасында мұрағат ісі  саласындағы ынтымақтастық Келісіміне  қол қойылды.

Қазақстан Республикасының Байланыс және ақпарат министрі Асқар Жұмағалиев Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Таллинге мемлекеттік сапары аясында Ұлттық мұрағат басшысы, мемлекеттік мұрағатшы Приит Пирскомен кездесті. Кездесу барысында ҚР Байланыс және ақпарат министрлігі мен  Эстон  Ұлттық  мұрағаты арасында  мұрағат ісі  саласындағы ынтымақтастық Келісіміне  қол қойылды.

Тараптар аталған құжат  мұрағат ісі саласында екі жақты ынтымақтастықты  кеңінен дамыта түсуге  жол ашпақ деп атап өтті.

Келісім мұрағат құжаттарымен танысуды  және оны пайдалануды,  мұрағат ісі туралы әдебиеттермен бөлісуді, археография  мен құжаттарды жүргізу және Қазақстан мен Эстон елдерінің өзара қызығушылығын тудыратын  мақалалармен бөлісуді көздейді.

Екі елдің  ведомство басшылары Қазақстан мен Эстонияның  мемлекеттік  мұрағаттарында  сақтаулы  тұрған құжаттық  мұралармен  танысуда бірігіп жұмыс істеу туралы ортақ шешімге келді. Осылайша, мұрағат қорына, ғылыми-анықтамалық аппаратқа, ұлттық заңнамаға сәйкес жарияланған немесе жарияланбаған материалдарға екі жақты қол жеткізу мүмкіндігіне ие боламыз.

«Аталған  Келісім  ұлттық мұрағат қорларымызды  Қазақстан және Эстон елдерінің  тарихы мен мәдениетіне қатысты құнды құжаттармен толықтыра түсетін болады.»- деп атап өтті Асқар Жұмағалиев кездесуден кейін өзінің Twitter-дегі жеке шағын блогында.

ҚР БАМ Баспасөз қызметі

7172-741004

mci.gov@gmail.com

www.mci.gov.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5434