Дүйсенбі, 13 Қазан 2025
2635 0 пікір 21 Қараша, 2018 сағат 21:32

Түркістанның беделін қайта көтеру – түркі әлемі үшін үлкен жетістік болады

Елбасының жақында ғана жарияланып, көпшіліктің қарсы алуына бөленген «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында айтылған «Түркі өркениеті: түп тамырынан қазіргі заманға дейін» атты жоба – рухани жаңғыру бағдарламасына орай  қолға алынатын елеулі жобалардың бірі болмақ.

Бұл жоба бойынша 2019 жылы Астана қаласында Түркологтардың дүниежүзілік конгресін ұйымдастыру жоспарланып отыр. Сондай-ақ әлем елдерінің музейлеріне ежелгі түрік жәдігерлерін қойып, халыққа кеңінен таныстыру, Түркі халықтарының мәдени күндерін ұйымдастыру, түркі халықтарына ортақ рухани қазына – онлайн кітапхана ашу секілді ауқымды істер қолға алынса, түркі өркениеті қайта жанданатын болады.

Сондай-ақ, көне қала – Түркістанның облыс орталығы болуымен қатар, оның ежелгі беделін қайта көтеру, қаланы рухани һәм экономикалық тұрғыдан дамыту – бүкіл түркі әлемі үшін үлкен жетістік болады деп сенемін!

Қасымхан Бегманов, ақын, этнограф, «Дәстүр» журналының бас редакторы

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Профилактика бытового насилия

Алмаз Ещанов 840
Қауіп еткеннен айтамын

Жау жоқ деме – жар астында...

Қуат Қайранбаев 9964