Жұма, 22 Қараша 2024
Әдебиет 9069 19 пікір 30 Қараша, 2018 сағат 09:19

Аға-бауыр...

Белгілі жазушы Баққожа Мұқайдың 70 жылдық мерейтойына арналады

Эссе

Жер бетінде ажал биін билеген біздер, азанда көзді тырнап ашып, темір тұлпарды тақымдап,  менің ырыздығымды алдыңдағы алып кетердей, жанталаса жарысып, көктайғақ пен ақ тайғақты елемей, алпауыт қала Алматының қақ ортасын жара жұмысқа ентіге жеттім,  аудиторяда 27 қыз, бір жігіт мені күтіп отыр. Терезенің аржағында өлген талдың құр сүлдері қаңқайып тұр, астында тірі адамдар кетіп барады, Қарасай батыр көшесіне симай көліктер сеңдей соғылыса сигнал береді.

Сабақ тексергіш арық сары қыз, ақырын есіктен сығалай қарап, «ағай барсыз ба, студенттеріңіз түгел ме?»,- деп, сыңси есікті жапты.

Семинар сағаты, жарыса қол көтерді, қайсысын бірінші тыңдасам екен деп, сәл ойланып, оңжақтан бастайық дедім, кәдімгі сөйлеп тұрған Алматы деп, басталатын баяғыда радио болушы еді, дәл соның өзі, Әсел сарнап кетті, артынша Дамира, одан соң Элмира солай бес қыздан соң саябырлап тағы бір төрт қыз жалғады, сосын қалаған 19 студентте үн жоқ төмен қарап отыр, не істейсің, лекция оқитын сағат емес, сонада да қалған мазмұнды толықтырдым, үзіліске әлі 7 минут бар, Елбасының жақындағы мақаласын білесіздер, ал онда аттың ер- тұрманын айтып беріңіздерші десем, ешқайсысында үн жоқ, ноқта, шылбыр, жүген, тізгін, құйысқан, өмілдірік, тарпта, ішкілік, ішкі тоқым, сыртқы тоқым, ат жабу, ертоқым, ат көрпе, қамшы, үзеңгі деп шұбыртып, осылардың қайсысын кім түсіндіре алады десем, бір қыз  "жүгенге аяқ салып атқа мінеді" дейді, басқасы жұмған аузын ашпайды, келесі семинардың қосымша тапсырмасы осы болсын деп, аудиторядан шықтым.

Құдды, ат шабыс, жәрмеңке, анда-мұнда бір көріп қаламыз бір кафедрадағы әріптестерді. Тағы бір топқа кіріп бір көсіліп лекция оқыдым, сергіп, жеңілдеп қалдым. Шашымды артқа сырып тастап, тауды көшірген дюудай болып, жер бетінде менен мықты кісі жоқ, залда ешкімді менсінбей келе жатырмын,  ұзын тас қабырғаның ішіне бір кіріп, сол қамалғаннан кеште бірақ шығатын біздер, түстің болғанын білмей қаламыз, түс ауа әлсіреп шаршағанда барып, түскі астың уағы өтіңкіреп кеткенін сонда сеземіз. Үзіліс он минут, бұрын бес минут болатын оған да шүкір, бірінші қабаттағы асханаға баруға бесінші қабаттан жаяу түсіп-шыққанша уақыт толып кетеді, электронды сатының іші студенттен босамайды-әманда.

Қалтаңа қол салып, ақшаңды көресің де, "қойшы болды, кеш боп қалыпты, аз тұрып, үйге кетем" деп өзіңді жұбатып, келесі аудиторяның есігіне аяңдайсың.

Бас-аяғы екі шақырым шығатын ұзын коридордың көз ұшында ақ бас, алпамса денелі, еңгезердей бір кісінің екі қолы екі жаққа тең қозғалып, басы төбені, екі иығы екі қабырғаны сызып келеді, жақындаған сайын баяғы Американың экс-призденті Клинтонның дәл өзі,  әкау, бұл кісі бұнда неғып жүр, иә, бізде әлемдік конференция көп өтеді, келсе, келген шығар, Қазақстанға, біздің унверге кім келмейді деймін өзіме өзім, көзімді уқалап қайта қарасам өзімнің ең жақын таудай ағам Нәбижан Мұқаметхан.

- Не болды? Шаршаңқысың, - ғой.

- Түнде шығармашылық, күндіз жұмыс.

- Түнде қандай шығармашылық, шымылдығың желбіреген жас емессің. Еңкілдей бүкіл денесімен қозғала рахаттана бір күлді.

Менде ағамды қостап, қосыла күлген болдым.

- Жүр, менің бөлмеме, сабағың біткен шығар.

- Бүгінге бітті.

Бүгін ғылым ордасына академик ағамыз Карл Байпақовты соңғы сапарға шығарып салуға барып едім, жігіттер "қазір ғылыми кітапханада конфернция болады, қатысып кетіңіз деген соң аялдап қалдым, міне, мына кітапардың авторы туралы жиын өтті" деп Баққожа Мұқайдың төлқұжатына айналған 2000 жылы мемлекеттік сыйлықты қанжығасына байлаған фалсапалық бағыттағы, қоғам шындығын көркем образбен жеткізген кесек туындысы, кәдімгі «Өмірзая» романын көрсетті. Мұқабасында екі дүние қатар бейнеленіпті, батысқа батқан күннің соңғы қызыл шапағы, ала кеуім шақпен араласып, қарақоңыр қызыл түсі басымдау сағым тастап барады... соның арасынан мешіт пен кесене кескіні қатар бұлдыраңдайды.

Адам өмірінің де таңы, түсі, кеші болады емес пе?  Күн адамдарды алаламай қуантып, бар тіршілкке нұрын шашады, меңіреу қара тастың да басынан сипайды,  сосын тал түс, ақыры еңкейіп екінті уақытында адамға өзіңнен есеп ал дегендей ойға салады, біраз қарайлап тұрады, әп-сәтте қараңғы жерге лақ ете түсді, ағамыз Баққожа күндей жарқырып, туған ауылынан анау 1966 жылы ҚазГУ-де студент болып, жалындап, тал түсінде талайларды өз жылыуымен жылытып, елге шуақты шығармаларын қалдырған асыл аға, енді бір кітаптың аты «Баққожа» ағамыз күлімсіреп ұзақтан көз салады, кәдімгі тірі сияқты, жанымызда тұрғандай, ақырын қоңыр даусымен Нәбижан ағайға естіртпей менің атымды айтып, «талмай жаза бер, өзіңді өзің бағала, бірақ өзіңнің салмағыңды біл, күн сайын, сағат сайын салмақ қос» деп сыбырлайды, жазушы фотосының астында Еренқабырғаның алып шыңының төбесінде төніп от шар тұр,  сонда да бес батпан мұз ерімепті, ендігі кітап  «Аспантаудың ақиығы» алыстан мұзарт шоқысы мен мұңдалайды, ағамыз астында сен не дейсің дегендей маған қарап отыр.

-Иа, Аспантаудың өлеңде ақиығы Мұқағали Мақатеав болса, қара сөзде сіз және Бердібек деп мен ағама сыбырладым.

-Нәбижан аға, бұл менің өз ағам Баққожа Мұқай.

-Солай ма.

-Иа, біз жақын туыспыз.

-Сендерге онда жазушылықты берген екен.

-Иа, Жазушы дәурдің биігінде тұрып, болашаққа ой түйеді. Ағамыздың «Өмірзаясы» бүгіннің шындығы болса, «Ертегідей ертеңімі» болашақтың картинасы.

****

Өр елінен өр мінезбен, орда бұзған арыстан кеуделі, жүрегінде оты бар қанша нар қазақ өз отанын аңсап, атамыздың бас сүйегін басқалар допқып теппесін деп, шекарадан өте жерді сүйіп, шүкір сәждесін жасап, Алатаудың баурайындағы әсем қала Алматыға ағылды.

Туған нағашым Жәлел Айдарқанұлы Қалдыбаев 34 жыл болды, «Албандар» деген кітап жазу үстіндемін дейді, менің көзімдегі отты көрген соң,  әр жолы үйіне барған сайын, таң атқанша Албантану сабағын өтетін әдет тапты,  екі құлағына жіп байланған көзілдірігін киіп, аз-кем шұия қарап отырып, қолына түкіріп қойып, кекештене қол жазбасын оқи жөнеледі, басында баяу болсада, артынша саудырлатып ұзаққа шауып кетеді. Қолзажбаның бір жері төтеше, бір жері кирлеше екі жазуға кезек ауысып шоқырақ желісіпен шауып отырады. Солай талай таң атырдық.

Сол нағашым бірде маған сенің, Тельман Жанұзақ, Баққожа Мұқай, Жанболат Аупбаев қатарлы мықты ағаларың бар деді. Баққжа Мұқай былтыр ғана мемлекеттік силықты алды, мықты жазушы, оның «жалғыз жаяу», «өмір зая» романдарын оқығам, өзі менімен құрдас 1948 жылғы, ол кісі қиялындағы кейпкерлерінің обыразына еніп алып, ешкіммен сөйлеспей томырайып жүреді, сен оқыған жігітсің, білесің францияның атақты жазушы О. Бальзак жазатын дүниесін әуелі ойында әбден пісіріп алып сосын барып қалам ұстайды екен, мына сенің ағаң да сондай. Сөйлемесе сөйлегенше күтіп сөйлес, бір Алматыда жүрсіңдер, Жанболат ағаң Астанда. Сөйлемейді демекші, анау бір жылы Сарағашта курортта Оралхан Бөкеймен бірге болдым, дым сөйлемейді, жақтырмай ма, жоқ басқама, білмедім кеткенше бір сөйлесе алмай қойғам. Сөз өз жездеміз Мұқағалида еді-ғой, жарықтық, мектепе  оқып жүргенде  Жеңіс аға екеуміз  жаздық кониколда Шалкодеден Алматыға Мұқағалиды іздеп келдік, есікті шотик киген, үстіңгі жағы жалаңаш еңгезердей адам ашты, мен алып ақынды кастум шалбармен елестетіп келгенін, Жеңісті бұрыннан таниды екен, мені балдызыңыз деп таныстырды. Ал онда айтшы, менің қанша өлеңімді білесің ей қызталақ дегені, табылдарықта тұрып «қарылғашым келдің бе»-сін ағызта жөнелдім, жылап қоя берді, жүр кеттік деп, бізді рестронға ертіп барды, даусың жақсы екен ей қызталақ, ал басқа қандай өлеңімді білесің оқышы енді бір көсіліп дейді, «кең дүние төсіңді аш мен келемін», «қасым солай болмаса несі қасым» деп жібердім аттың басын, аспандата румканы сілтеді-ай келіп, ол ары қарай бір ұзақ әңгіме деп, нағашым ақтарылған еді. Сенде ағаңды ізде дейді маған қайталап.

****

-Әйтеке би №28 үй қайсы, айтып жібересіз бе?,- дейімін ары-бері өткен жүргіншілердің етегіне жабыса сұрап, осы маң дейді, дәл білмей тұрмын деп сөзімнің артын өзіме айтып.

Ешкім жауап бермейді, иығын қонжың еткізіп кетіп жатыр, жасыда жасамысы да солай, сұсты қабақ, суық жанар өзгеше қарайды.

Ата жұртты аңсап келген азаматқа тек керегі бір ауыз жыл сөз, бөз сұрағаннан Құдай сақтасын. Рухани сұранысыңа ешкім жауап бере алмаған соң, сол бір ауыз жылуды Баққжа ағамнан іздеп жүрген жайымды Әйтеке бидің бойындағы жұрт қайдан білсін.

Ақыры таптым, түске таяп қалды.

- Күте тұрыңыз деп хатшы қыз, босағаға отырғызды, сүт сұраған баладай сан ойдың жетегінде толқып отырмын.

- Иа, кірсін дейді.

Ассалаумағалайкум деп бір есік ашылғанда-ақ озандата сәлемді бастадым, қос қабат есік екен, ар жағынан бір есікке маңдайым тарс етіп, есікті соға-моға ішке құлай жаздап кірдім.

Тура қарап ұзақ ойда отырған ағам менің кіргенімді білген де жоқ.

-Ассалаумағалайкум деп екінші рет қайта сәлем бердім. Еуропаша киінген иқты қара кісі тас болып қатып қалғандай, қимылсыз.

Сәлден кейін ернін зорға жыбырлатты.

-Қай баласың, бұл жақтікі емессің-ғой,- деп, бәсең қоңыр дауыспен үн қатты.

-Иа, арғы беттен келдім.

-Иа, айта бер, қандай шаруа.

-Шаруа сол, сіздің ініңізбін.

-Қандай інімсің. Жаулыбайдан бір апамыздың көп баласы болыпты, баллары жылап мазасын алғанда ұлпасын артына лақытырып жіберіп, өзі жұмысын істей береді екен деуші еді аталарымыз, сол апамыздың бір баласы емессің бе?

-Иа, мен де Жартымын.

-Қазақ куәлігін алдың ба?

-Иа. (Консульдықтта қазақ куәлік алғанда, ұйғырларда қазақ болу үшін жеті қазақтың атын жазып беріп қазақ куәлік алғанын көріп едім).

-Сол кезде жеті атаңды қалай жаздың деп, сынай тесіле қарады.

-Әбдірақын, Балықбай, Саяқ, Абыл, Жарылғап, Өтебай, Таңатар.

-Жақсы, қане тұр орныңнан, иық соғыстырып аға-іні болайық. Нағыз бауырым екенсің, төс тиістірдік, мейірлене маңдай сүзістік, жауырынымнан қайта-қайта  ақырын сипады...

***

Иа, бауыр екі түрлі, рухани бауыр және туған қанадыстық бауыр. Адамға туған бауыр әрине, жақын болғандықтан одан, оның қолынан  келмейтін нәрсені дәметіп, биологиялық туыстықты міндет етеміз, сосын да туыстар тез, болмашыға ренжи қалады, ал Құранда «ихуан» сөзімен кездесетін рухани бауыр тіпті жақын болады, ортақ сөзің бар, мүдде, көреалмаушылық, дүние бөлісі жоқ, тек қана тілеулес болып жүретін бауырдың орны бір бөлек. Мен сөз еткен Нәбижан ағам да, Жәлел ағам да, Баққожа ағам да осындай рухани бауырға жататын ортақтығымыз бар, жанымыз жақын ағалар. Кімде кім бір ауыз жақсы сөз жазса, оны оқыған сайын ол пендеге сауап барып отыратыны шын, онда ол кісілер бақытты. Біз жанымызда бар жақсы адамдарды қадірлеуміз керек, ол кісілермен замандас болғанымызға біз бақыттымыз.

Нұрхалық Абдырақын

Abai.kz

 

19 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3231
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5328