Бизнестің жолындағы кедергілерді жоюға Интернет-сервис көмектеседі - Павлодар
ПАВЛОДАР. 25 сәуір. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Биліктің атқарушы органдары тарапынан кейде бизнестің жолына жасалатын кедергі-тосқауылдарды жоюға Интернет-сервис көмекке тартылып отыр.
Павлодар облысының әкімі Бақытжан Сағынтаев өткен жұма күні активпен болған кездесуде аппарат басшысы Арслан Әбдіхалықовқа «Инфотехсервис» мемлекеттік кәсіпорнымен бірлесіп, 1 шілдеге дейін арнайы Интернет-сервис әзірлеу туралы тапсырма берді. Ол сервис кәсіпкерлердің әрбір өтініш-шағымының орындалу барысын «онлайн» режимде қадағалауға мүмкіндік беретін болады. Кәсіпкер өтінішінің кімнің алдында жатқанын біліп отыру және хатты қарап жатқан шенеунікпен Интернет арқылы хат-хабар алысу мүмкіндігіне ие болуы керек.
«Бұл тәжірибені азаматтардың барлық өтініш-хаттарын қарауда да қолданатын боламыз», дейді облыс әкімі Б.Сағынтаев.