Биылғы бірінші тоқсандағы еліміздегі ІЖӨ-нің өсімі 6,5 пайыз болды - Қ.Келімбетов
АСТАНА. 26 сәуір. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Алдын ала жасалған бағам бойынша, биылғы бірінші тоқсандағы еліміздегі ІЖӨ-нің өсімі 6,5 пайыз болды.
Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Экономикалық даму және сауда министрі Қайрат Келімбетов мәлім етті.
«Қысқа мерзімді экономикалық индикатор 7,1 пайызды құрады»,-деді ведомство басшысы.
Атап айтқанда, есепті кезеңде өнеркәсіптік өндіріс көлемі 6 пайызға, өңдеу секторындағы өсу қарқыны 8 пайызға, ал кен өндіру саласындағы өсім 5 пайызға жетті. Министрдің сөзіне қарағанда, 2011 жылдың бірінші тоқсанында отандық экономиканың даму үрдісінің оң қарқыны сақталды.