Италиядағы ҚР Елшілігінің өкілдері ұшақты басып алуға әрекет жасаған Қазақстан азаматымен кездесті - ҚР СІМ
АСТАНА. 26 сәуір. ҚазАқпарат - Бүгін Италияның Чивитавекья қалалық сотында алдын ала тергеу судьясы, прокурор және қорғаушы Иваны Манидің қатысуымен ұсталған қазақстандық азаматқа қатысты алғашқы жауап алу болды, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.
Прокурор сот отырысында Қазақстан азаматына қатысты айып тағылып отырған үш бапты атады, оның ең елеулісі - әуе кемесін басып алуға әрекет жасау бабы бойынша ол ұзақ мерзімді бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Судья тағылып отырған айыппен келісті. Осы отырыста қорғаушы тарапынан кепіл қойып немесе ешқайда кетпеу туралы қолхат жазып беру арқылы тұтқынды сыртқа шығару мәселесі көтерілмеді, бірақ қорғаушы психотерапевтің қолға түскен азаматтың денсаулығына тәуелсіз сараптама жүргізу туралы өтініш айтып, судья оны қолдады.
Істің алдағы шаралары ретінде айыпталушыны қамауға алу шешімі қабылданды. Судья кейінірек келесі жауап алу күнін айтады. Қазақстанның Италиядағы консулдығы итальян билігінен еліміздің азаматын күнде көріп тұруға рұқсат алды. Сондай-ақ Италиядағы ҚР Елшілігінің өкілдеріне В.Г.Толмачевпен кездесу мүмкіндігі берілді.

Кездесу барысында анықталғандай, ол адам қамау шарттарына шағым білдірмейтіндігін айтқан. Жеке камерада отырған оның денсаулығына ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. В.Толмачевтың өзі болса қатты өкіну жағдайында. Ол өз сөзінде оқиға кезінде өзінің іс-әрекетін бақылауға ала алмай қалғанын, өзінің ісіне қатты өкініп, тергеумен толық ынтымақтастық жасауға дайын екенін білдірген.
В.Толмачев итальян тілін біледі, сондықтан аудармашы сұратпады.