«Еңбекпен қамту-2020» бағдарламасы - жұмыссыздарға және өзін-өзі жұмыспен қамтып отырған ауыл тұрғындарына өз бизнесін бастауға мүмкіндік береді
ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ. 27 сәуір. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодар облысының Қашыр ауданында «Еңбекпен қамту-2020» бағдарламасының әлеуетті қатысушыларының тізімі жасақтала бастады, деп хабарлады әкімдіктен.
Аудан басшысы Болат Бақауов пен оның орынбасарлары және еңбекпен қамту ведомствосының қызметкерлері ауылдық округтарды аралап, бағдарламаның мазмұнын түсіндіруде. Әкімнің атап көрсетуінше, бағдарлама адамдарды оқытуға, оларды жұмыспен қамтуға және өз істерін ұйымдастыруға көмектесуге бағытталған. Қазіргі таңда бизнесін ашқысы келетіндерді анықтау және оларға көмектесу жұмыстары жүргізілуде.
Қашыр ауданында өз-өздерін жұмыспен қамтып отырған 4300 адам, 922 жұмыссыз адам, тұрмысы төмен 150 адам және 3 мыңнан астам жас тіркелген. Өз істерін ашу үшін несие алудың мүмкіндігі ауыл тұрғындарын ерекше қызықтырып отыр. Кездесулерде анықталғандай, омарташыларға омарталарын кеңейтуге заем керек екен. Өз шаруа қожалықтарын, дүкендер мен шаштараз ашқысы келетіндер де бар. Ауыл тұрғындары жаңа кәсіптерді игеруге де ниет білдіріп отыр. «Ауыл тұрғындарының кез келген бастамасын қолдауға әзірміз», - деп сендірді аудан әкімі Б.Бақауов.

Бірақ ауыл тұрғындары алдымен оқулары, бизнес-жоспар құрулары керек. Содан кейін барып олар сұранысқа ие өнімдер шығаруға немесе халыққа қажетті қызмет көрсетуге кіріседі. «Еңбекпен қамту-2020» бағдарламасы Павлодар облысында 1 шілдеден бастап жүзеге асырыла бастайды.