Сенбі, 23 Қараша 2024
Билік 3496 0 пікір 27 Қараша, 2018 сағат 13:18

Жанат Ешмағамбетов: Әлеуметтік аз қамтылған тұрғындарға адвокаттық қызмет тегін ұсынылуы мүмкін

Әділет министрлігі әлеуметтік жағынан аз қамтылған тұрғындарға адвокаттық қызметті тегін ұсыну жағын қарастырып жатыр, - деп хабарлайды Абай-ақпарат.

Probono жүйесі бойынша адвокаттар тегін заңгерлік көмек көрсетуі тиіс. Мұндай жүйе әлемнің көптеген елінде бар.

Бұл туралы еліміздің Әділет министрінің орынбасары Жанат Ешмағамбетов айтты. Парламент Мәжілісінің заңнама және сот-құқықтық реформа комитеті отырысында «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» заң жобасының таныстырылымы өтті.

Министрлік өкілдерінің айтуынша, елімізде адвокаттар жетіспейді. Қазір 4 мың 700 ге жуық қорғаушы бар. Адам басына шаққанда 4 мың тұрғынға бір адвокаттан келеді. Заң жобасында адвокаттар алқасына төленетін қабылдау жарнасын жеңілдету мәселесі де қаралып жатыр. Мәселен, үміткерлер адвокаттар алқасында ақы төлеп тағылымдамадан өтуге, сондай-ақ бастапқы жарнаны төлеуге міндетті. Бұған шамамен 1 млн теңгеге жуық қаржы кетеді.

«Бұл саланың дамуына өз кедергісін келтіріп отыр», – дейді Жанат Ешмағамбетов. Айта кетейік, соңғы үш жылда адвокаттар саны тек 300 маманға ғана көбейген.

Жанат Ешмағамбетов, ҚР Әділет министрінің орынбасары: 

– Қабылдау жарнасының өзі бұл – мүліктік кедергі. Адвокат болу үшін бірнеше кезең бар. Алдымен тәжірибеден өтеді. Одан соң сертификат алып, аттестациядан өтуі тиіс. Мұның бәрінде маманның кәсіби біліктілігі тексеріледі. Ал қабылдау жарнасы ешқандай білімді тексермейді. Тек кедергі. Тәжірибеден өтуге бір жылда шамамен 200-250 мың теңге кетеді. Оған 700-800 мың теңге жарнаны қосыңыз. Бұл дегеніңіз жас маман үшін оңай қаражат емес қой.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371