Жұма, 22 Қараша 2024
«Соқыр» Фемида 6475 25 пікір 21 Желтоқсан, 2018 сағат 07:28

Қ.Тоқаев: Үкіметтің жұмысы өте нашар

Сенатқа заң жобаларының келуінде бірқалыпты жүйе жоқ. Шын мәнінде, өте салмақты әрі күрделі заң жобалары бойынша қысқа мерзімде жұмыс істеуге тура келеді. Тиісті түзетулер аса қауырт, қарбаласпен енгізіледі. Біздің ұсынысымызды Үкімет назарына алады деп ойлаймын. Үкіметтің өкілдігіне қатысты айтарым, Сіздерге жұмысты істеу керек қой. Сіздердің жұмыстарыңыз өте нашар.

Сенат Төрағасы бүгінгі Сенат отырысында Үкіметке осындай ескерту жасады.

«Заң жобаларын Сенаттың қарауына ұсыну мерзімдеріне қатысты осындай келеңсіз жағдайлардың қайта орын алуына жол бермеу қажет. Осы мәселеге Үкіметтің назарын айрықша аударамын», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бүгінгі отырыстың күн тәртібіне өте маңызды заң жобалары енгізіліп отырғанын, оның бесеуі Елбасының Жолдауларында айқындалған мақсаттарды орындау үшін әзірленген заң жобалары екенін айтқан Қ. Тоқаев «Елбасының тапсырмаларын орындауға жыл басынан бері жеткілікті уақыт болғанына қарамастан, бірнеше күрделі заң жобалары Сенатқа жыл соңында ғана бір пакетпен келіп түсті. Сенат депутаттары заң жобалары маңызды болғандықтан, аса қысқа мерзімде қарап, талқылауға мәжбүр болды», - деді.

Жыл сайын қайталанатын мұндай жағдай қабылданатын заңдардың сапасына оң ықпал етпейтіні белгілі. Мұндай келеңсіз жағдайлардың қайта-қайта орын алуына жол бермеу қажеттігіне Үкіметтің назарын айрықша аударған Қ.Тоқаев «Маңызды заң жобалары бойынша Үкімет Парламент палаталарымен алдын ала үйлесімді жұмыс кестесін белгілеп алғаны дұрыс», - деп ескертті.

Әділбек Қаба

Abai.kz

25 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1452
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3216
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5250