Айжан КӨШКЕНОВА. Орталықазиялық алауыздық
Экономикалық дағдарыс аясында Орталық Азия елдері арасындағы бәсекелестік күшейіп, аймақтық даулар Өрши береді деп топшы¬лайды сарапшы¬лар. Мұндай алауыздық неге соқтырады?
Алтау ала болса, ауыздағы кетеді...
Әлемді жайлаған экономи¬калық дағ¬дарыс жағдайында Ор¬талық Азиядағы ресурстары бар елдер өздерінің рөлдерін көтеруге жандарын салады деп топшы¬лайды Ресейдің өзекті халық¬аралық мәселелер институтының ТМД орталығының жетек¬шісі Сергей Жильцов «Айқын» га¬зетіне. Оның айтуынша, қазір 90-шы жылдардың ортасында Кас¬пий маңында пайда болған үлкен ойынның жаңа толқыны бастал¬ды. Аймаққа деген қызығушылық қайта жанданып, ірі державалар Баку, Астанадан асып, Ашхабад пен Ташкентке көз тігуде. «Бұл ресурстар аймақтағы елдердің өзара ынтымақтастығын арттыра ма, әлде қарым-қатынастарын шиеленістіріп, су ресурста¬ры, көші-қон мәселелері төңірегінде дауларды ушықтыра ма?» дейді ресейлік сарапшы. Оның пікірін¬ше, «бұл елдердегі экономиканың бір типтілігі еріксіз олардың өзара бәсекелестігіне итермелейді. Осы¬ның бәрі алдағы онжылдықта көрініс бермек».

Сарапшының ойынша, әзірге аймақ¬тағы интеграция туралы емес, белгілі бір даулы мәселелер бойынша келісім туралы ғана айтуға болады. Себебі мұндағы дау-дамайлардың саны артып, сапасы жағынан олар жылдан-жылға күрделеніп барады. «Эко¬номикалық дамудағы қайшы¬лықтар, саяси ынтымақтастықтың жоқтығы, әр мемлекеттің әртүрлі блокқа кіруі, әр- қайсысы өзінше посткеңестік емес елдерден қолдау табуға тырысулары олардың ын¬тымақтастығын арттырмайды», – деп топшылайды саясаттанушы. Оның сөзіне қарағанда, қазір «барлық Орталық Азия елдері жан-жаққа бытырап қашуда». «Біреу – Қытай жаққа қараса, енді бірі – Еуропадан, АҚШ-тан, үшіншісі – Ресейден көмек күтеді. Олар кезінде Украина президенті оңбай таяқ жеген «көп векторлы» саясатты ұстанады. Аймақтағы әр ел: «Қай жақ тиімді?» деп қиын экономикалық жағдайда «тал қармауда», – дейді Жильцов.
Дегенмен «Орталық Азия елдері арасында бәсекелестік те, ынты¬мақтастық та бар. Бұл екеуі де ай¬мақтық кооперация үшін маңыз¬ды», – деп есептейді Германия ха¬лықаралық саясат пен қауіпсіздік инсти¬тутының са¬рапшысы Андреа Шмитц. Оның ойынша, қаржы дағдарысы аймақтағы барлық ел¬дерге, оның ішінде әлемдік қа¬уымдастыққа көбірек енген Қа¬зақстанға үлкен әсер етеді. Неміс сарапшысы осындай жағдайда аймақтық кооперация, яғни өзара көмек ауқымы нашарлай беретіндігін пайым¬дайды.
«Орталық Азия халқы қосыл¬ғысы ке¬леді, бірақ билерінің біріккісі жоқ», – деп топшылайды «Мысль» журналының бас редак¬торы Сейдахмет Құттықадам. «Себебі аймақтағы елдер арасын¬да өзара бақта¬ластық күшті. Әркім көсем болғысы келеді». Бұл, оның пікірінше, аймаққа аңсары ауған, оның біріккенін емес, бө¬лінгенін күйттейтін үлкен держа¬валар үшін тиімді. Мұндай жағ¬дайда аймақтағы елдердің ресурс¬тары «ұстағанның қолында, тіс¬тегеннің аузында кетуі» мүмкін.
Қазіргідей қаржы қиындығы жағда¬йында сарапшылар аймақ¬тағы әлеуметтік-экономикалық ахуал нашарлап, тұрақсыз¬дық қаупі төнетіндігін, экстремизм асқы¬нып, есірткі тасқыны күше¬йетіндігін бол¬жап отыр. Аймақ¬ты аман сақтаудың жал¬ғыз жолы – интеграция.
Төртеу түгел болса, төбедегі келеді
Қазақстан Орталық Азия одағын құру туралы бастама көтер¬ген. Былтыр Қа¬зақ¬стан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қырғыз басшысымен кездесу барысында мұндай одақтың аймақтың әлем мемлекет¬тері алдындағы абыро¬йын арттыратынды¬ғын айтқан. Себебі Еуропа Азияның табиғи ресурстары мен адам капиталына мұқтаж болса, Азия Еуропаның жоғарғы технологиясына зәру.
Орталық Азия одағын құру баста¬масын барлық елдердің бірдей қолдай қоймауының себебі – әр елдің эконо¬микалық эгоиз¬мінде жатыр деп есептейді ресей¬лік сарапшы Жильцов.
«Біз күшімізді біріктіруге ты¬рысамыз. Бірақ аймақтың саяси элитасы әзірге әр¬түрлі себеп¬тер¬мен біздің ұсынысымызды онша қолдап отырған жоқ», – дейді Қа¬зақстан Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеу¬лер институтының директоры Болат Сұлтанов. Бірақ оның сөзіне қарағанда, «егер аймақ елдері оған дайын болмаса, Қазақстан интеграцияның басқа формаларын табады». Бұл ретте сарапшы Ресей, Белоруссияның қаты¬суымен ЕурАзЭҚ аясында ынтымақтасу¬дың тиімді екендігін еске салады. 2011 жылы шілденің 1-і күні Кеден одағы толыққанды іске қосыла бастамақ. «Кеден ода¬ғы – Ор¬талық Азия елдерін Еуразия көлемінде біріктіретін магнитке айналуы тиіс», – дейді Сұлтанов.
Аймақтағы интеграцияны экономи¬калық ынтымақтастық¬ты күшейтуден бастау керектігін Сейдахмет Құттықадам да айтып отыр. Былтыр Қазақстан елде Орталықазиялық экономикалық одақ құруға арналған халық¬аралық форум өткізуді жоспар¬лаған. Себебі 55 миллион адам тұратын аймақ – орасан зор ры¬нок. «Бізде қазба байлықтар болса, Өзбек¬станда – жеміс-жидектер, Түрікменстанда газ бар. Суымыз, жеріміз – ортақ. Орталық Азияның одағы болуы тиіс», – дейді саясаттанушы. Оған қоса аймақтағы елдер¬дің саяси ментальдығы, тарихы, өркениеті, эконо¬микасының ұқсастығы өзара бірігуді жеделдетеді.
Интеграцияның «әртүрлі баспалдақпен, кезең-кезеңмен өткені жөн» деп санайды Болат Сұлтанов. «Біздің одақтасу жай¬лы ұсыныстарымызға Тәжікстан мен Қыр¬ғызстан мейлінше құлақ түреді деп ойлаймын. Мүмкін, осы жолмен интегра¬цияға Өзбекстан мен Түрікменстан да қосылатын шығар», – дейді сарапшы. Себебі оның ойынша, Орталық Азия мәсе¬лелерін бір елдің күшімен шешу мүмкін емес. Қазақстан ортақ мәселелердің ұжымдық формада, тең құқықтық жағдайда, әр жақ¬қа тиімді түрде шешілуін қолдайды.
Айжан КӨШКЕНОВА
«Айқын» газеті, 11 маусым 2009 жыл