Сенбі, 23 Қараша 2024
Анық 5613 0 пікір 18 Қаңтар, 2019 сағат 13:41

Қырғызстан Қазақстанмен шекараны демаркациялауды аяқтады

Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков Қазақстанмен шекараны демаркациялау жөніндегі келісімге қол қойды. Бұл жөнінде қырғыз президентінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Демаркациялау жөніндегі келісімге 2017 жылдың 25 желтоқсанында Жээнбековтің Астанаға сапары кезінде қол қойылған. 2018 жылдың 6 желтоқсанында Қырғызстан парламенті оны ратификациялады. Енді ІІМ Қырғызстанда рәсімдердің аяқталғаны жөнінде, Қазақстанға ескертуі тиіс.

Екі елдің мемлекеттік шекараларын демаркациялау сызығы 1257,07 шақырымды құрайды.

Екі елдің шекарасында 683 шекара белгісі мен 1055 шекара бағанасы орнатылған.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3240
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5379