Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 1869 0 пікір 14 Маусым, 2009 сағат 20:24

ЕҚЫҰ интернет-ресурстарды реттеу мүмкін емес дерлік екенін атай отырып, парламентке интернетке қатысты түзетулерді қабылдамауды ұсынады

Астана. 12 маусым. КазТАГ – Әсел Мұқанова. ЕҚЫҰ интернет-ресурстарды техникалық тұрғыдан реттеу мүмкін емес, және тиімділігі аз деп есептей отырып, Қазақстан парламентіне интернетке қатысты түзетулерді қабылдамауды ұсынады, дейді Астанадағы ЕҚЫҰ орталығының саяси мәселелер бойынша кеңесшісі Эндрю Оффенбахер.

«Принципті түрде келсек, интернетті тәртіпке салу техникалық тұрғыдан мүмкін емес. Көп мөлшерде қаржылық және адами ресурстарды жұмсап Интернетті реттемек болған бірнеше мемлекеттің тәжрибесі - мұның тиімділігі шамалы және мүмкін емес дерлік екенін көрсетті», - деді Э. Оффенбахер, жұма күні, халықаралық ұйым мен ҮЕҰ өкілдерінің парламент сенатының өкілдері және депутаттарымен кездесуінде.

Ол, ЕҚЫҰ-ның күдігі мен қаупін оятатыны, заң жобасы - блоктарды, чаттарды және басқа интернет-ресурстарды дәстүрлі БАҚ-тарға теңеуді ұсынатыны, деп атап өтті.

«Заң жобасының авторлары осы интернет-ресурстарды БАҚ туралы заңның аясына әкелуге тырысады. Бұл бірнәрсе айтудың еркіндігін тым шектейді», - дейді ЕҚЫҰ өкілі. 

Сонымен қатар ол, қазақстандық журналистиканы «блогерлікке» теңеу, өз кезегінде кәсіби деңгейдің төмендеуіне әкеледі. 

БАҚ-тарды жабу, дейді Э. Оффенбахер, жауапкершіліктің шамадан тыс нормасы. Заң жобасымен енгізіліп отырған өзгертулер жауап берушінің қатысуынсыз сот ісін қозғауды, және соңында, шет елдік интернет-ресурстарда орналасқан ақпаратты шектеуді қарастырады. «Бұл, бұдан кейін де Қазақстан территориясынан шет елдік интернет-сайттарға кіруді шектеуді жалғастыра береді дегенді аңғартады. Мұндай шектеулерді енгізу Қазақстанның ЕҚЫҰ-на мүше ретінде халықаралық міндеттеріне нұқсан келтіруі мүмкін», - деп қортындылады Э. Оффенбахер.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1499
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3269
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5652