Жұма, 22 Қараша 2024
Алашорда 7719 3 пікір 28 Қаңтар, 2019 сағат 10:50

Хазар қағанаты қалай және қайда орнады?

Өткен аптада Abai.kz ақпараттық порталында Бекжан Әденұлының "Хазарлар Кавказға қалай барды?" атты мақаласын жариялаған едік. Бүгін сол мақаланың жалғасын оқырман назарына ұсынып отырмыз. 

Abai.kz ақпараттық порталы

Тарихшылар 626 жылы (VIІ ғасырда) Тбилиси қаласын жаулап алған азияттарды Батыс Түркі қағанаты әскері деп таниды. Яғни, олардың қазіргі Қазақстаннан барғанын мойындайды (жалпақ бет, қысық көз адамдар екені де олардың қазақ даласынан барғанына куә). Ибн әл Асир сол Түркі қағанаты әскерінің VIІ ғасырда Закавказьені жаулап алғанын былай баяндайды: «Когда же воцарился Хосрой, он построил в округе Сула и Джоражана много построек и укрепленные замки, которыми он укрепил всю страну. И направился хакан Синджибур в его страну. Это был величайший из тюрок и он привлек на свою сторону хазар, абхазцев и баланджара и они подчинились ему. И выступил он во главе большого числа и написал Хосрою, требуя с него подать и угрожая ему, если он не сделает. Но Хосрой не удовлетворил ни одной из его просьб, так как он укрепил свою страну и укрепил область Арминии так, что она могла довольствоваться (для своей защиты) небольшим числом (воинов). И повернул хакан в свою страну, не достигши своей цели, так как он не мог ничего сделать...»

Осы деректегі Хосрой деген патша – Хосрой Ануширванның немересі. Ол – 570-628 жылдар арасында билік еткен Хосрой Парвиз деген патша. Ресей ғалымдары болса, Хосрой Ануширван мен оның немересі Хосрой Парвиздің есімдері бірдей екенін пайдаланып, екеуін бір адамдай көрсетеді. Осылайша түркі ханы Синджибур жорығын Хосрой Ануширван заманында болғандай бұрмалайды. Олар еш дәлелсіз «Синджибур хан мен Истеми қаған – ­бір адам» деп тұжырымдап, Истеми қағанның эфталид елін (қазіргі Түркіменстан аумағын) жаулап алуы мен Синджибур ханның Закавказьені жаулап алуын бір оқиға деп бұрмалайды. Алайда, Ибн әл Асир жазбасы шындықтың тіпті басқа екенін дәлелдейді.

Жоғарыдағы деректе түркі ханы Синджибурдың әуелі хазар, абхаз, баланджарларды бағындырғаны, сосын Иранға жасаған жорығы іске аспағаны, өйткені Хосройдың алдын ала Армения аймағындағы шекарасын қорғандармен күшейтіп қойғаны жазылған. Ондағы абхаз, хазар, баланджарлар мен Иран шекарасы ретінде Армения аймағы көрсетілуі оқиғаның Закавказьеде болғанын айқын растайды. Синджибур – Түркі қағанатының өкілі, ал Түркі қағанаты әскері Закавказьеге VIІ ғасырдың бірінші жартысында ғана, нақтырақ айтсақ 626 жылы барғанын тарихшылар мойындайды. Хосрой Ануширван ол заманда өмірде болған жоқ, 579 жылы қайтыс болған. Демек, Синджибур шабуылы заманындағы Иран билеушісі Хосрой Парвиз екені анық. Ибн әл Асир Синджибур ханның Закавказьені басып алғанын, содан соң Армения аймағы арқылы Иранға жорық жасауға тырысқанын анық көрсетеді. Осы деректер қазіргі Түркіменстан аумағын жаулап алған Истеми қағанның Синджибур хан еместігін дәлелдейді.

Ибн әл Асир хазарларды Синджибур ханның әскері демейді, керісінше Синджибурдың абхаз, баланджарлармен бірге, хазарларды да бағындырғанын айтады. Осы дерек Синджибур біздің даладан барып Закавказьені басып алғанда хазарлар сол аймақта отырған жергілікті халық екенін айғақтайды. Хосрой Парвиздің Армения аймағының қорғанысын күшейткені Иран мен Хазар қағанаты шекарасы Армения аймағында екенін тағы байқатады.

Ол заманда (620 жылдары) Түркі қағанаты екіге ыдырап, Ашина династиясы қазіргі Қазақстан аймағындағы билігінен айрылғанын, біздің аймақта Жужандық сұрбөрас-шибөраш династиясы Он Ақ Түтін қағанатын (Батыс Түркі қағанаты) орнатқанын алдыңғы мақаламызда жазғанбыз. Синджибур хан – сол Түркі Ашина династиясының өкілі, қазақ даласындағы биліктен айрылған соң халықтың өзіне бағынышты бөлігін ертіп Кавказға кеткен. Демек, VIІ ғасырда қазақтарды Закавказьеге бастап барған – Синджибур хан. Ол сол жердегі хазар, абхаз, құмық, алан тәрізді жергілікті халықтарды бағындырып, өз мемлекетін орнатқан. Закавказеде хазарлар басым болғандықтан және парсылар VI ғасырдан ол жерді «Хазарлар иелігі» деп танығандықтан, Синджибур хан орнатқан мемлекет Хазар қағанаты болып тарихқа енген.

Автордың мақалаларын мына сілтеме арқылы оқуыңызға болады.

Бекжан Әденұлы

(Жалғасы бар)

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1463
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5321