Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 1993 0 пікір 16 Мамыр, 2011 сағат 13:19

Нұра Матай. Бейсенқұл Бегдесенов шартты түрде босады. Бірақ...

2011 жылдың 13 мамырында Ашхабадтың Копетдаг аудандық соты Бейсенқұл Бегдесеновты Түркіменстанның Қылмыстық кодексінің екі бабы бойынша: 228б. 4т. («аса улкен көлемде алаяқтық») және 185б. 2т. («пара беру») айыпты деп тауып, Қазақстан қоғамдық күштерінің жасаған мәлімделері мен Түркіменстан мен Қазақстан президенттеріне жазған ашық хаттарының нәтижесінде оған шартты жаза тағайындалып, қамаудан босатылды.

13 мамыр күні шартты түрде сот залынан босап шыққан Бейсенқұл Бегдесенов үйіне оралысымен Азаттық радиосының тілшісіне телефон арқылы берген сұхбатында: - Жоқ, мойындамаймын. Мен осы жақтың қазақтарына көмектесемін деп жүрдім ғой. Ең бір өкінішті жері - менің өз қазақтарым өздері қарсы арыз беріп, өздері не жазғанын білмей... Мен құрылтайға барғанда асықпай отырып сөйлессек қайтеді? - депті.

Алайда, сот үкімі бойынша, Бейсенқұл Оңайұлы өзі көмектесіп, пәтерлерін жекешелендірі берген әрбір қазақтың пәтерінің құнын төлеу керек. Ал, Түркіменстанда пәтер құнын шамамен 20 мың АҚШ доллары көлемінде көрінеді.

16-ншы мамыр күні Алматы баспасөз мәслихатын өткізген Бейсенқұл Бегдесеновтің ұлдары: Әлібек, Әмір және басқа қоғамдық қорлар мен ұйымдардың, саяси партиялардың мүшелері Бейсенқұл Оңайұлының тағылып отырған айыптардың негізсіз екенін һәм Бейсенқұл арқылы Түркіменстандағы барша қазақтарға қысым жасалып отырғандығы айтысты.

Түркіменстандағы қазақтар тариха отаны - Қазақстанға оралуы үшін әуелі Ресейге барып, сосын елге көшіп келеді. Себебі,Түркіменстаннан бірден Қазақстанға қоныс аударса, онда дүние-мүлкін Түркіменстан билігі мемлекет меншігі ретінде алып қалады. Ал, бала-шағасын шулатып елге келгенде тесік тиыны жоқ бауырлар тұрмыс тауқіметін тартады. Бейсенқұл Бегдесенов болса, Түркіменстан мен Ресей арасындағы көші-қонға байланысты жасалған келісімдерден жол тауып, елге қайтам деген қазақтың үйін жекешелендіріп, содан түскен пұлын қалтасына салып беріп, ақжол тілеп атажұртқа шығарып салып отырған. Бегдесеновтің бар кінәсі - осы.

Және де баспасөз мәслихатында сөз алғандар Түркіменбасшының кезінде қазақтарға алакөз болмаған түркімен билігі Бердімұхамедов келгеннен бері бөтен мінез көрсетіп отырғанын жеткізді.

Бажайлап отырсақ, бұл жерде Қазақстан мен Түркіменстан арасындағы көші-қон саясатының солқылдақтығы көзге ұрады. Және екі ел арасындағы халықаралық адам құқықтары туралы келісімдердің жоқтығы Бегдесенов сияқты азаматқа дер шағында ара түсуге кедергі болды. Демек, алда дүниежүзі қазақтары қауымдастығының IV құрылтайын өткізгелі отырған Қазақстан Қытай, Өзбекстан, Түркіменстан қазақтарының тағдыры мен олардың туған елге келер жолында керулі арқан, қазулы ор болмауы үшін мықтап ойланып, нақты әрі батыл қадамдар жасауы тиіс. Жер бетіндегі әрбір қазақты жоқтаусыз тастамайтынын күн өткен сайын іс-әрекетімен білдіріп келе жатқан қоғамдық күштерден билік бүгін сабақ алмаса, ертең қойылар сауал ащы, айтылар талап тастай болмақ.

Және де Бейсенқұл Бегдесеновтің ұлдары Әлібек пен Әмір Қазақстанның ресми билігінен және қоғамдық ұйымдардан, сондай-ақ, жекелеген азаматтардан әкелеріне тағылған айыптан аршып алуға араша болу үшін көмекке шақырады.

Қарындас бауыр қапалы, мейірлен, Алаш!

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3259
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5570