Сенбі, 23 Қараша 2024
4454 11 пікір 4 Наурыз, 2019 сағат 09:04

Миллиардер Алишер Усманов Наманған облысына қайтарымсыз 50 млн доллар бөлді

Өзбекстанда туған ресейлік олигарх Алишер Усманов «Обод кишлок» («Ауылды абаттандыру») бағдарламасы аясында Наманған облысына қайтарымсыз 50 млн доллар бөлді.

Бұл жөнінде Наманған облысында іс сапармен жүрген Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев мәлімдеді.

1 наурызда облыс халқымен кездескен ел президенті Наманғанда Алишер Усманов атындағы жастарға арналған кәсіпкерлік орталығы ашылады деген. Онда шетелдік мамандар жастарды кәсіпке баулитын болады.

«Ол (Алишер Усманов – Ред.) мұнда бизнес орталық пен бизнес мектеп ашады. Мұнда кәсіпкерлерді дайындайды. Бұл орталыққа шетелдік мамандар тартылады», – деді президент.

USM Holdings компаниясының негізін қалаушы Алишер Усманов Наманған облысының Чуст ауданында дүниеге келген. Forbes мәліметі бойынша Усмановтың дәулеті 12,5 млрд доллар. Ол Ресейдегі ең ірі кәсіпкерлердің алғашқы ондығына кіреді.

2018 жылдың тамыз айында Өзбекстан президенті "Алишер Усмановты орденмен марапаттау жөнінде" бұйрыққа қол қойған.

Abai.kz

11 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371