Журналистің Қырғызстанға қайта оралуға қатысты сауалына ол "кедергі жоқ" деп жауап берген. "Бәсекелестерім менің жағдайым жақсарып, жақында қайтып оралуым мүмкін екендігін сезеді, сол себепті маған қарсы ақпараттық шабуылдар жасай бастады. Жақында кейбір ақпарат құралдары мені "жерлеп" тастады", - деп мәлімдеді Ақаев.
"Дегенмен Атамбаев (Қырғызстанның бұрынғы президенті) билігі кезінде мен екі бауырымды жерлеу үшін Қырғызстанға келе алмадым. Мені әуежайда ұстайтындарын ескерткен. Жээнбеков командасынан мен мұндай қоқан-лоқы естімедім", - деді бұрынғы президент.
Асқар Ақаев – Қырғызстанның тұңғыш президенті. Ол 1991-2005 жылдар аралығында мемлекет басқарды. 2005 жылы 24 наурызда ол халық көтерілісі кезінде елден қашып кетті. Оның биліктен тайдырылуын "қызғалдақ төңкерісі" деп атады.
Abai.kz