Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 6462 0 пікір 25 Мамыр, 2011 сағат 03:29

Дәуіт Қара: «Қазақтардың діні – шаманизм, бақсылық» деген тұжырым евроцентристік көзқарастан шыққан

Дәуіт Шомфаи Қара - Мажарстан Ғылым акаде­мия­сы Этнография инсти­ту­тының аға ғылыми қыз­меткері. Ол мажарлық атақты түрколог ғалым Ештван Қоңырдың шәкірті болып табылады Дәуіт жас кезінде Қазақстанда тұрып, қазақ тілін меңгерген, өзін қыпшақтекті азамат санайды.

- Дәуіт мырза, этнография ғылымы бойынша нені зерттеп жүрсіз?

- Мені қызықтыратыны, ата-бабам қыпшақтардың наным-сенімі. Кәзір қалыптасқан біршама ғылыми тұжырымды жоққа шығару үстіндемін. Біріншіден, «Қазақтардың діні -шаманизм, бақсылық» деген тұжырым еброцентристік көзқарастан шыққан. Егер қазақтардың өз діні болғанда, еброцентристік тараптан оны талқандау қолға алынар еді. Ал, табиғаттың күшін меңгерудің дінге қандай қатысы бар? Бақсылық дегеніміз - сол, табиғи құдыретті меңгеру, ол дінге қатыссыз.

Екінші жағынан, қазақтарды мұсылманға жақын тұтпау пиғылы да болды. Осыдан келіп, «олардың діні -шаманизм, бақсылық рәсімдер» деген пиғыл ұсталды.Шын мәнінде, ата-бабамыз табиғи жаратылыс құдыреттерін меңгерген, олар жай ғана сенімді талғажау етіп қоймаған.

- Сонда бақсылық - монотеизм белгісі ме?

- Жоқ, менімше, бұл жаратылыстан бар тылсым күшті меңгеру қабылеті.Ол - аса қабылетті, сезімтал адамдарға тән, діннен тыс құбылыс. Бұл құбылыс адамның қай дінге қатыстылығына қарамайды, оның қабылетіне қарайды.

- Ырымның бұған қатысы жоқ па?

- Ырым наным-сенімге қатысты және кейбірі әлгі бақсылық үдерістерден туындаған. Мысалы, қазақ та, қырғыз да «Айналып кетейін» деп сүйсініп жатады. Ол неден? Бақсылар (шаман) Науқасты емдегенде, оны айнала жүріп, ауруын өзіне алып, одан құтылу жолын жасайды. Осыдан келіп, ол «айналайын» деген ырымдық сөзге ұласып кеткен, ал үдеріс көмескіленген.

- Ал, шаман мен бақсының айырмасы бар ма?

- Екеуі екі басқа дүние! Бақсы үшін мұсылмандық құндылықтар жат емес.Олар мұсылман әруақтарды да шақырып, оларды үдеріске сала береді. «Отырарда - отыз бап, Түркістанда - түмен бап, ең үлкені -Арыстан бап» делінетін тіркес бақсыларға тән.Сөйтіп, бақсылық үдеріс мұсылмандық нысандарды да пайдалана береді.Сонда қазақтар ежелгі сенімін тәрк етпестен, жаңа дінмен ұштастыра білген. Ислам догмаларын бұрынғы сеніммен қабыстырған. Мысалы, моңғол бақсылары буддалық құндылықтарды айналысқа қосқан. Ал, шамандық мұсылманға  дейінгі табиғи құбылыс атрибуттары мен құндылықтарына тәуелді. Соған қарағанда, шамандық монотеизмге дейінгі жоралғыларының таза сақталған түрі болып табылады.

Қазақтың ежелгі сенімі бойынша әрбір нәрсенің құты бар делінеді. «Құт» ұғымы аса ежелгі түркілік таным жұрнағы. Ағаштың, тастың, адамның, айуанның құты бар делінеді...

- Сонда құт дегеніміз - жан ба?

- Жоқ, жан шығып кетсе - өлесің ғой.Құт - байырғы түркілердің түсінігінде ішкі күш-қайрат, қуат. «Құтты болсын!» дегенде жанды қуат болуын тілеу жатыр, ол болмаса адам ауырып қалады, жансыз нәрсе баянсыз болады дегендей.

- Сонда ол, кәзіргіше аура сияқты ғой.

- Иә, аура сияқты. «Құты қашты» деген тіркес бар. Мысалы, бақсылар өзінің құтын жұмсап, ақпарат алады, басқа жерде жүргендей адам көзіне көрінеді. Кейде, түсіңде бір жаққа баратыныңды алдын ала көресің, сонда құтың барып көріп келеді.Сөйтіп, түске айналады.Кейде бір жерді бұрын көргендей боласың, демек, онда сенің құтың бұрын болып кеткені. Ал, шамандар, бақсылар адамның құтын қашыра да, келтіре де алады. Қазақта «құт құю» деген рәсім бар, шошымалы баланың басына су толы ыдыс тосып, оған балқытып қорғасын құяды. Сонда шошымалы болған баланың қашқан құты қалпына келеді. «Кел құтым, кел! Суда болсаң, судан кел; Желде болсаң желден кел! Құрай,құрай, құрай!» дейді.Бұл башқұрттарда да, моңғолдарда да бар. Бұның астарында, егер де құтты меңгеретін болсаңыз, кез келген жанды-жансыздың күш-қуатын меңгересің деген ілімнің астары бар.

- Ендеше бұл ата-бабамыздың материяның кез келген күйін меңгере алғандығы деген сөз ғой!

- Солай.Біздің ата-бабамыз аса керемет білімді игерген.Ал, бұл -шаманизм емес, өйткені, «шаман» деген аса қабылетті адам ғой, ол қалай «шаманизм» аталатын дін болмақ? Сол секілді «ламаизм» деген термин де дұрыс емес, лама да адам ғой, дін адамға қалай тәуелді болмақ? Мысалы, исламды «Молдаизм» деген сықылды күлкілі нәрсе ғой. Молда - исламның қызметкері, лама - буддизмнің қызметкері дегендей. Бұның бәрі ебропалық қате ұғымдар ғой...

Жалпы, отбасының, шаңырақтың құты болады. Кейін мұсылмандық келгенде араптың «береке» сөзі қабаттасқан, «құт-береке» деп қос сөз күйінде айтады қазақ, бірақ мағынасы сол - «құт»! Бірақ оның бес-алты ауыспалы мағынасы бар.

- Нақтылай айтқанда, сіздің зерттеу нысаныңыз не?

- Мен кәзір екі еңбекті қатар жазып жүрмін: қазақ-қырғыздың бақсылығы туралы және сібір түркілерінің шамандығы жайында.

Зерттеу барысында бір байқағанымды айтайын: бақсылық пен жыраулық өте тығыз ұғым. Мысалы, жыраулықты үйрету мүмкін емес, ол аян арқылы немесе бата беру арқылы дариды. Маңғыстауда Мұрын жырау болған, мен оның баласымен жолықтым.Ол бала кезінде мықтап ауырады, содан бір күні қолына домбыра ұстап шертіп, жырлай бастайды. Сөйтіп, оған жыраулық қасиет дариды.

Жыраулар мыңдаған жол өлеңді қалай жаттайды, кәзіргідей жаттаса, милары ашып кетер еді. Оларда ерекше қасиет бар. Бақсыларға аян берілгендей, оларға да әруақтар аян арқылы дарытады. Жыраулар жаттамайды, көз алдына елестеген көрініске ілесіп отырады. Әруақтар оған жәрдемдеседі. Сондай «әруақты» жастарды іздеп жүрмін, зерттеуіме жәрдем етер еді.

- Жас кезімізде үйді не адамды айналған балаға ата-анамыз жекіріп, айналдырмайтын. Себебі не деп ойлайсыз?

- Айналуды тек қана бақсы атқаруы керек, ал қарапайым кісі немесе балалар біреудің ауруын өзіне жамап алуы ықтимал. Сосын тыйым салынған. Сол себепті, «Айналып кетейін» деген сөзде «құрбаның болайын» деген мағына бар. Бізде, мажарда оны «Айнару» дейді.

- Қызық екен. Әңгімеңізге рахмет!

Әңгімелескен - Шәріпхан Қайсар

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5435